Тақырыбы: «Ел тірегі- Елбасы!».
Мақсаты : Балаларға
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені туралы
әңгімелеу, түсіндіру.Балалардың сөздік қорын байыту,
есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанын, елін,
жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық
сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі
материал, теледидар, суреттер.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ
– жауап,мадақтау. Шаттық шеңбері :
Менің отаным Қазақстан!
Мен отанымды
сүйемің. Балалардың
назарын слайд суреттеріне аудару.
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де
Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана
қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс
жасайтын орны – Ақорда.
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Мен қазақпын»
әніне билейміз. Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды
айтайықшы.
Джамиля
Қазақ елі –
Қазақстан
Болашаққа үн
қосқан
Жақсы күнге
жетелеп
Елбасым
менің – Нұрсұлтан
Бексұлтан
Жасай бер
Қазағым!
Жасай бер
Елбасым!
Раяна
Елімнің
елбасшысы
Нұрсұлтан
атамыз аман болсын!
Арлан
Көк аспандай
көкпеңбек
Қазақстан
жалауы
Көк емес ол
тектен - тек
Елдің ашық
қабағы. Балалар, әр елдің өз
рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз.
(ҚР гимн айту)
Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында
шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында
қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің
жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді
білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың,
бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң
жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті –
дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Ойын:«Не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп
құрастырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа
үйрету.
Қорытынды:
Егеменді ел болып,
тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш,
тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш
президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Қазақстан-Нұрсұлтан-Жасқыран! (балалармен бірге 3 рет қайталау).