АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ  ЖАНЫНДАҒЫ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ «БАЛАУСА»БӨБЕКЖАЙЫ МКҚК
ГККП ЯСЛИ- САД «БАЛАУСА» СЕЛА ЗЕРЕНДА ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ  ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Кеңес беру пункті 87713770133

 

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектептің сабақтастығы

«Балауса» бөбекжайы МКҚК-ның 2025–2026 оқу жылына арналған мектеппен сабақтастық жоспарының орындалуы туралы

2025–2026 оқу жылында «Балауса» бөбекжайы мен М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы арасында бекітілген сабақтастық жоспарына сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Жоспар аясында оқу жылының басында ата-аналар жиналысы өткізіліп, балаларды мектепке даярлау бағытындағы міндеттер түсіндірілді. Қараша айында мектеп мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер туған өлкенің тарихымен танысты.

Қаңтар айында мектеп сабағына онлайн қатысу (телемост) ұйымдастырылып, балалардың мектептегі оқу процесі туралы түсініктері кеңейтілді. Жыл бойы балабақша мен мектептің мерекелік іс-шараларына өзара қатысу жүзеге асырылып, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттері дамытылды.

Ақпан айында педагог-психолог ата-аналарға «5 жастағы балалардың мектепке дайындығының негізгі шарттары» тақырыбында кеңес беріп, психологиялық қолдау көрсетті.

Сәуір айында мектеппен танысу экскурсиясы ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқу кабинеттерімен, 1-сынып мұғалімімен және оқушыларымен танысты. Сонымен қатар «Балабақшада қонақта» атты Ашық есік күні өткізіліп, бастауыш сынып мұғалімі ата-аналармен кездесті. Балалар шығармашылық үйіне саяхат барысында тәрбиеленушілер түрлі үйірмелермен танысып, шығармашылыққа қызығушылықтарын арттырды.

Мамыр айында ата-аналар жиналысында мектепке даярлық мониторингінің қорытындылары таныстырылып, әдістемелік ұсынымдар берілді. МАД тобы тәрбиеленушілеріне арналған «Балабақшам, қош енді!» қоштасу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар бастауыш сыныптардың қорытынды ертеңгілігіне қатысып, мектеп өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Жоспарланған іс-шаралардың барлығы өз мерзімінде орындалып, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық нығайтылды. Жүргізілген жұмыстар тәрбиеленушілердің мектепке психологиялық, әлеуметтік және танымдық даярлығын қалыптастыруға, ата-аналармен және педагогтермен өзара ынтымақтастықты дамытуға оң ықпалын тигізді.

Қорытынды:
Мектеппен сабақтастық жоспары толық көлемде орындалды. Қойылған мақсаттар жүзеге асырылып, балалардың мектепке бейімделуіне қолайлы жағдай жасалды.

 

/public/files/2026/7/15/150726_172847_akmola-oblysy-blm-baskarmasynyi.pdf 


Текст