Текст
12.05.2026
“Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету жобасы аясында “Балапан” кіші тобында тәрбиеленушілерді медбике мамандығымен таныстыру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында балалар балабақша медбикесінің жұмысымен танысып, денсаулықты сақтау, тазалық пен тәртіп ережелерінің маңыздылығы туралы мағлұмат алды. Медбике балаларға медициналық құралдарды көрсетіп, олардың қалай қолданылатынын түсіндірді. Сонымен қатар, қолды дұрыс жуу, тазалық сақтау және ауырмаудың алдын алу жолдары жайында әңгіме жүргізілді.