Ақмола облысы
Зеренді ауданы
МКҚК «Балауса» балабақшасы
«Көңілді старт»
Денешынықтыру нұсқаушысы: Каппасова.А.Б.
2020 оқу жылы
«Көңілді старт» эстафеталық жарыстар
Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, сақина.
Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.Меңгеруші:Мукушева Д.Е.
2.Әдіскер:Махамбетова Н.М.
3.Балабақша психологі:Тасанова А.О.
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз - деп - ойын шартымен таныстырайық.
Эстафеталық сайысымыз 6 бөліммен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2. «Сақина» ойыны
3. «Көңілді доп» ойыны
4. «Кім шапшаң» сайысы
5. «Тез қимылда» сайысы
Таныстыру кезеңі.
Көңілді сайысымыз 2 командадан тұрады.
Шарты: әр команда өз ұрандарымен таныстырады.
1 - ші команда «Болашақ» тобы
2 - ші команда «Сұнқар» тобы
1. Таныстыру
1 - ші команда «Болашақ» тобы
Ұраны: Болашақ тобы алда,
Біз қалмаймыз артта!
2 - ші команда «Сұнқар» тобы
Ұраны: Сұнқар тобы алға,
Биіктерге самға
Жүргізуші: балалар және тәрбиешілермен бірге шеңберге құрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Сақина» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Тепе-теңдікті сақтай отырып белгіленген мәреге жетіп кері қарай жүгіріп келіп сақинаны келесі балаға беру.
Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болғын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан - дей келе «Көңілді доп» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Балалар допты қолына ұстап кедергілер аларсымен жүгіріп өтіп, кері-қарай тұра жүгіріп келесі балаға допты береді.
Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кім шапшаң» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: Бала белгіленген мәреге жетіп бас киімді киіп,орнына қойып тез орнына жетуі керек.Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.
Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз - дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Балалар құрсаудан өтіп, доғалардың астынан еңбектеп тез орнына жетуі керек. (Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)
Жүргізуші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін балабақша меңгерушісіне беріледі. Марапаттау рәсімі. Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Қош сау болыңыздар.