"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Сиқырлы күз" ертеңгілігі "Күншуақ" тобы

26.10.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК «Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сиқырлы күз»

«Күншуақ» тобы

 

 

                                           Өткізген: Тумирзина Д.Г

 

 

 

 

 

 

 

2020 жыл

 

 

Мақсаты: Күз туралы түсінік беру, күз туралы білімдерін бекіту,Табиғатты     аялауға,құрметтеуге,баптауға үйрету,жыл мезгілі туралы түсінік беру,баланың ой өрісін дамыту.

Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету.

Тәрбиеші: Армысыңдар ,ардақты қонақтар! «Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер.

Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

Хор: «Қолшатыр»

 

Балалар қазір күз мезгілі ,күз мезгілінде күн суытады,ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді,адамдар жылы киіне бастайды. Күз молшылықтың,байлықтың берекенің айы.Қырман басы тазаланып,бау-бақша жиналып ,құс базары тарқайтын кез.

Есік қағылып қонаққа Қонжық : Сәлеметсіздерме!

Балалар: Сәлеметсіздерме!

 Қонжық балаларға бау бақшаға барып тәтті өнімдер тергенін және жолда көргендерін айтады. Оларға әсіресе егіс алқабында комбайнның бидай орып келе жатқаны қатты ұнапты. Қоянға сәбіз жинаған өте қызықты болыпты. Ол жеміс пен көкөністердің бір себетке жинағанын, енді бөліп алайын десе араларындағы келіспеушіліктердің туындағанын айтады. Бір қызығы олар тергендерінің не жеміс не көкөніс екенін білмейді екен.

Қонжық: «Айнала алтын күз» деген  ертеңгілігі болып жатқанын естіп бүлдіршіндерден көмек сұрай келдім.

Тәрбиеші: Балалар, не істейміз қонжыққа көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

Ойын: «Жемістер мен көкеністер»

 

Қонжық төрлет.Біздің өнерлерімізді тамашала.

Тақпақтар:

  

Без листвы стоят леса,

Стихли птичьи голоса.

Дождик каплет н дворе,                  Сергей

Мало солнца в октябре.            

 

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады                   Нурсая

Жерге қонып үлгермей 

 

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға          Полина

Шақырады біздерді

«Қолшатыр биі» би.

 

Ойын: «Бүршіктер».


Жүргізуші: Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығы

Есте қалар балдырған.

Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.

Тақпақтар:

 

  Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз        Алина

 

Құандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.             Артем

 

 

  Қүздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып,        Мирас

Сыбдыр,сыбдыр түседі

 

Алақай!Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты                 Айдар

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Би: «Тук-тук»

 

Ойын: «Күнбағыс»

 

 

Жүргізуші:Кездескен соң күзімен,

                      Бұтағынан үзілді.

                     Ай жапырақ-сары алты

                     Айналанын бәрі алтын.

Хор: Күз тамаша

 

Тәрбиеші: Бүлдіршінмен бәріміз,

                  Отбасындай бір ұямыз

                    Береміз ендеше

                    Би өнеріне кезегін.

Би: Валсь

 

Қонжық:Керемет!Міне менің сендерге кішкене сыйлығым бар.(сыйлықтарын тарату).

 

-Балақайлар,мен енді басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болды.Мен енді кетейін,сау болып тұрыңдар!Келесі кездескенше!

 

Тәрбиеші:Балалар,Қонжық рахмет айтайық!Келесі кездескенше аманшылық болсын!

« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып

Сауболыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып».

Просмотров: 237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст