Ақмола облысы
Зеренді ауданы
МКҚК «Балауса балабақшасы»
ТАҚЫРЫПТЫҚ САҒАТ
Тақырыбы: «Тіл мерейі, ел мерейі»
«Күншуақ» ересектер тобы
Өткізген: Амангельдинова А.С.
2020ж
Тақырыбы: «Тіл мерейі, ел мерейі»
Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру. Ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ой өрісін, сөздік қорларын дамыту. Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да , парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, әңгімелеу, түсіну, сұрақ –жауап, ойын
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: мерке жайлы әңгіме өткізу.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Тәрбиеші балалармен үш тілде амандасады Сәлеметсіз бе-қазақша, Здравствуйте- орысша, Hello- ағылшынша, |
Балалар мұқият тыңдап, таныс сөйлем үлгілерді естіп үш тілде амандасады.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Тақырып бойынша әңгіме жүргізіледі. -Балалар! Мен сендермен үш тілде сәлемдестім. Біздің ғаламшарда қанша ұлт тұрады, сонша да тіл бар, әр ұлттың ана тілі, рәміздері бар. Ән ұран орындалады -Бүгін «Тілдер мерекесі күнің» атап өтеміз. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған, Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту, құқығының негізі бекітілген. Сұрақ-жауап. Слайд -Біз қай Мемлекетте тұрамыз? Ия, дұрыс, Біз бәріміз Қазақстан Мемлекетінде тұрып әр тілде сөйлейміз.Біздің Отанымыз көп ұлтты Мемлекет.Отан туралы тақпақты жаттап алайық! Д/о: «Кім тез» -Бәріміз бейбітшілікте, татулықта және сабырлықта тұрсақ, әр халықтың мәдениеті дамып салт-дәстүрлері сақталынады. Қ/о: «Арқан тартыс» – Ғаламшарда өте көп тілдер бар қытай тілі, жапон тілі. Біз балабақшада ағылшынша сөйлеуге үйреніп жатырмыз. Біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «үш тілді білуге қажет», деп ұсыныс берді. Болашақта ағылшын тілі сендерге өте қажет болады Бәріміз бір -бірімізге жақсы күнді тілейік |
Балалар әңгімеге қосылып сұрақтарға жауап береді,
Отан. Отан деген –атамекен, Түсінеді, есте сақтауға тырысады
1.топ Ту элементтерінен Қазақстанның, Ресей және Мемлекеттік туларды құрастырады. 2.топ Игравизор сәйкестендіру
Балалар ұлттық қимылды ойын ойнайды |
Рефлексивті коррекциялаушы |
Талдау ІІ. Қоштасу -Good bye, children! |
I. Балалар өз іс -әрекеттерін талдайды -22 қыркүйек күні Тіл мерекесі күні деп айтады |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі : Қазақ тілін құрметтеуді, басқа ұлт қкілдерінен ерекше екенін
Игерді: «Тіл мерекесі күні» туралы түсініктерін
Меңгеді: Тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруді