Ақмола обылыс Зеренді ауданы
Зеренді ауылы МКҚК «Балауса» балабақшасы
«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
тақырыптық сағат
Өткізген:Хайратбай .Г
2020жыл
Тақырыбы: «Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.Балалардың сөздік қорын дамыту. Көрнекіліктер: слайд, суреттер . Әдіс – тәсілдері:Түсіндіру,үйрету,әңгімелеу,сұрақ жауап.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер Армысың Жер Ана! Армысың достарым! Сендерді көрсем қуанам!
-Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сезесіңдер? -Дұрыс айтасыңдар,балалар жылулықты сеземіз. -Жылулық бізге не арқылы келеді? -Жүрегіміз арқылы келеді.Ендеше сол жүрек тұстарымызға қолымызды қойып Әнұранымызды орындайық.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
-Жылулықты.
-Жүрек арқылы.
Әнұранды орындайды. |
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? -Ендеше күз туралы мақал-мәтел,тақпақтарды кім айтып береді? Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп тақырыбымызды«Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық. “Ғажайып сәт ” Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен. -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Балалар,бұл қай мемлекет? Бұл мемлекеттің бас,қаласы қай қала? -Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме? ҚР Елбасы кім? ҚР мемлекеттік тілі қай тіл? Қане,балалар,біз қонағымызға ана тілі туралы тақпақ айтып берейік. Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар! Сергіту сәті: Бала,бала,балақан, Кәне қайсы алақан. Саусақтарын әйбат Былай-былай ойнат, Топ-топ басайық
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Балалар жалпы Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктеріне шолу жасап өтейік. 1997ж 11шілдеде-тіл туралы Заң қабылданды. 1991ж 1 желтоқсан-Қ Р-ның алғашқы президенті болып Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев сайланды. 1991ж 16 желтоқсан-ҚР-ның Тәуелсіздігі жарияланды. 1993ж 15қарашада –ҚР Ұлттық валютасы –теңге айналымға енгізілді 1995ж 30тамыз-ҚР Ата Заңы қабылданды.Біздің қазіргі президентіміз -Қасым-Жомарт Тоқаев Қорытынды. Қазір жылдың қай мезгілі? Балалар біз қай Республикада тұрамыз? Балалар бүгінгі ашық оқу қызыметіне жақсы қатыстыңдар,сіздерге көп рахмет. Ендеше қонақтармен қоштасайық. |
-Төрт мезгіл бар.Қыс,көктем,жаз,күз. -Күз мезгілі. -Үш ай бар қыркүйек,қазан,қараша. -Күн салқындайды,жаңбыр жауады,ағаштардың жапырағы түсіп,сарғаяды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Сәлеметсіз бе. - Қазақстан Республикасы. -Астана қаласы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. -Қазақ тілі.
Мансұр: Ардақты тілінді Ал онда білімді Өз тілің үйретер Өнерді ғылымды.
Жаннұр : Ана тілім Жүрегісің анамның Жүрек-ана Мен өзіңнен жаралдым. Дима: Тілім барда мақтанам Тілім менің аппақ ән Бірлігімді бүгінгі ана тілім сақтаған
.
Балалар мұқият тыңдайды.
Күз мезгілі.
-Қазақстан Республикасында.
Балалар қуанады және қонақтармен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже : Нені білуі керек: Тілімізді,Отанымызды құрметтеуді .
Нені игерді: ҚР -ның жалпы жетістіктерін .
Нені біледі : Рәміздерге сипаттама бере білуді.