"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Табиғатым тамаша" ашық көрініс "Құлыншақ"тобы

05.08.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК«Балауса»балабақшасы

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлім: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Табиғатым тамаша!»

 

 

 

 

                                             «Құлыншақ» ортаңғы тобы

 

 

 

                                                                                   

 

 

                                                                              Өткізген: Махамбетова А.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жыл

Тақырыбы: «Табиғатым тамаша!»

Мақсаты:балаларға табиғат жайлы толық мағлұмат беру,сөздік қорларын молайту,есте сақтау қабілеттерін молайту,табиғатты қорғауға,ластамауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:слайд,әр түрлі ресурстар

Әдіс-тәсілдер:Күтпеген сәт,сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Бәріне ақ пейілмен,

Қайырлы таң деймін мен.

 

Балалар ал енді орнымызға жайғасамыз.Енді теледидарға назар аударамыз. Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз табиғат.Табиғатсыз адам да,құстар да,жәндіктер де өмір сүре алмайды.Табиғат біздің анамыз.

Слайдпен жұмыс сұрақ - жауап әдісі

-Ал, балалар бүгін ауа райы  қандай?Сендер балабақшаға келе жатқанда күнделікті нені көресіңдер?

-Иә ағаштарды,гүлдерді,құстарды,өсімдіктерді.

-Осының барлығы табиғат.

-Жақсы.

-Ал, балалар біз бүгін сендермен көңіл-күйлерімізді көтеріп саяхатқа аттанамыз.Сендерге саяхат ұнайды ма?Олай болса балалар саяхатқа бармас бұрын біз сендермен тамшыларға айналамыз.Ал мен де сендермен саяхатқа баратын болғандықтан ақшылт бұлт боламын.

Саяхатқа аттану

Тамшылар қараңдаршы  қандай сұлу табиғат бірақта ағаштар, гүлдер тіпті орман жануарлары  көңілсіз болған сияқты.

Кішкентай тамшылар қараңдаршы қоянның қолында хат сияқты оқиықшы не деп жазылған?

-Менің қарным ашып тұр.

-Ал мына жерде көкөністер мен жемістер араласып жатқан сияқты, барлығымыз бірге ажыратайықшы.Жақсы осы көкөністерді қоянжанға апарамыз.

-Рахмет сендерге тамшылар.

-Тамшылар мынау жерде кірпі жылап отырған сияқты

-Оған  не болды екен?

Мен алма жақсы көремін сендер менің алмаларымды қызыл түске бояп бересіңдер ме?

-Әрине

Алманың суретін бояу

Әдіс-тәсілі:

Балаларға дайын алманың суреттерін тарату.

Губканы қызыл түсті бояуға малып бояту.

 

Алмаларды бояу

Ал енді менің кішкентай тамшыларым қоян мен кірпіге көмектестік.Енді мына табиғатқа,гүлдер мен ағаштарға көмектесеміз.

 

Барлық өсімдіктерді суарамыз

Қанекей ,тамшылар табиғат бізге риза енді ақшылт бұлт болып жиналамыз.

Қорытынды:

-Біз бүгін не жайлы әңгімелестік?

-Табиғат қандай?

Сұрақ жауап әдісін қолдану

Мадақтау:Балалар сендер бүгін  ақылды болдыңдар.Рахмет сендерге балалалар.

Менің сендерге сыйлығым бар. (сыйлық тарату)

 

Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст