"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Ата-аналарға алғыс айтамын

14.05.2020

Ата-аналарға алғыс айтамын...

    Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты білім беру саласы қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Оқытудың мұндай жүйесі  ұстаздар қауымы мен ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеді.Балалардың осындай жаңа форматта білім алып жатқанына бір айдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында ата-аналармен балабақшаның бірлесе жұмыс істеу қарқыны нығая түсті. Ата-аналар өз тараптарынан түсіністік танытып, өздеріне жүктелген жұмысқа немқұрайлы қарамай, қашықтықтан оқыту жүйесіне белсене ат салысты.

    Күнделікті оқу қызметтерінде берілген тапсырмалар уақытылы орындалып, балалармен кері байланыс орнатылуда.

   Ұйымдастырылған оқу қызметтерінен тыс, қашықтықтан өткізілген көрмелер мен байқауларда  да белсенділік танытты. Мәселен, 1 мамыр меркесіне орай «Бір» шаңырақ астында» атты сурет көрмесіне балалалар өз жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар, аталған мереке қарсаңында балалар құттықтау тақпақтарын жолдады.

                          

Ал, 9 мамыр Ұлы Жеңістің 75 жылдығына балалар тақпақтарын арнап, қолөнер байқауына аса қызығушылықпен қатысты.

 

     Қазіргі күрделі кезеңде түсінушілік танытып, қашықтықтан оқыту жүйесіне белсенділік танытып, қолдау көрсетіп жатқан ата-аналар қауымына ризашылығымды білдіремін.

 

    «Тұлпар» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Жапарова А.Т.

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст