" />
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ  ЖАНЫНДАҒЫ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ «БАЛАУСА»БӨБЕКЖАЙЫ МКҚК
ГККП ЯСЛИ- САД «БАЛАУСА» СЕЛА ЗЕРЕНДА ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ  ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Кеңес беру пункті 87713770133

 

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош келдің, әз Наурыз!"

20.03.2024

Наурыз мейрамы – көктем мейрамы. Бұл мейрам бірнеше жылдан бері аталып келеді.

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық. Мәселен, наурыз көже дайындалады, апаларымыз қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға салады. Соғымға сойылған малдың басы немесе шекесі қосылып, қазы-қарта, жал-жая қазанға түседі. Ет сорпасына көже қайнатады. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосады. Тұз бен суды қосқанда дәмнің саны тоғыз болуы тиіс.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, арықтарды тазалап, су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды. Бұл күн жер-жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады.

          Біздің «Балауса» бөбекжайында да әртүрлі іс – шаралар өткізіліп, ұлттық ойындар ойналып, Наурыз мерекесін ойдағыдай балалармен қарсы алды.

Просмотров: 3594


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст