Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Зеренді ауылындағы "Балауса бөбекжайы».
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2023 жылы мекеме 60 қызмет көрсетті;
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балалардың қорытындысы» - 60 қызмет;
«Педагогтардың біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау» - 0 қызмет.
2022 жылы бөбекжай 69 қызмет көрсетті;
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер электрондық нұсқада 69 қызмет; көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада -69 қызмет.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста http://ds0001.zerenda.aqmoedu.kz/ орналастырылған, мекеменің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ұйымда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Аkmola.kz. жүйесі жұмыс істейді. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық семинарға қатысты.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде қателіктер анықталмады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Білім бөлімінде 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.