07.12.2023
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Балауса» бөбекжайы
Педагог-психологтың
2023-2024 оқу жылының
І-ші жарты жылдық есебі
Педагог-психолог: Бегалина А.О.
2023-2024 оқу жылы
Балабақша педагог-психологының 2023-2024 оқу жылының
І-ші жарты жылдық есебі:
Мақсаты: Психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру. Әрбір баланың психологиялық денсаулығы мен тұлғасының дамуын қолдау үшін жағдай жасауға көмектесу.
Диагностикалық бағыттағы жұмыстар:
Жаңа оқу жылы басталуымен «Балауса» бөбекжайының барлық 6 тобымен танысып шықтым. «Бөбек», «Балапан», «Құлыншақ», «Ботажан», «Күншуақ», «Тұлпар» топтарының бақылау нәтижесінде балалардың зейініне, ойлау, есте сақтау қабілеттеріне, сөйлеу мәнеріне, жүріс-тұрыстарына, белсенділік қабілеттеріне көңіл бөлінді. Топтармен, ерекше балармен жүргізілген жұмыстар: «Пішіндердің орнын тап», «Пішіндерді құрастыр», «Бос пішіндерді толтыр», «Нейро жаттығулары», «Алақаны мен саусақтарына уқалау-сипалау», «Қай ойыншық тығулы тұр», «Ұсақ қолдар моторикасын дамыту», «Аяқпен топ-топ», «Қоян қыдыруға шықты», «Қимыл-қозғалысты есіңе сақта,қайтала», «Лабиринттер» жеңіл түрі, «Бұрандалы крышкаларды түстеріне қарай бұрап салу», «Үстел үстіндегі жаттығулар», «Тыныс алу жаттығуы», «Сөйлеу қабілетін дамыту» сұрақ,жауап, «Дене жаттығулары» , «Дене мүшелерін атау, көрсету», «Доп домала» ойыны, «Артығын тап», «Кәмпиттердің жартысын тап», «Қимыл-қозғалысты ойындар», «Саусақ жаттығулары», «Жемістерді әдемі бояйық», «Қоян және сәбіз», «Алақай,балақай», «Тез отырамыз», «Құстардың орнын тап», «Жануарларды төлдерімен сәйкестендір», «Менің отбасым» суретін салу, «Үзбей бастыр», «Бала қиялына саяхат» , «Түймедақ» әдістемесі, «Көлеңкесін тап» және т.б тапсырмалар, ойындар, жаттығулар орындалды. Бұл тапсырмалар, жаттығулар балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, зейінін, сөйлеу мәнерін, қиял және қимыл-қозғалыс , қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында жүргізілді.
Сурет салу арқылы «Мен балабақшада» тақырыбында «Күншуақ» және «Тұлпар» тобы тәрбиеленушілерінен жобалау тесті алынды.
Ұсынылған балалардың суретін үш түрге бөлуге болады:
1.Баланың балабақшадағы көңіл-күйі.
2. Баланың тәрбиешімен қарым-қатынасы.
3. Баланың топтағы балалармен, достарымен қарым-қатынасы. Бала өзін балабақшада қалай ұстайды. Тәрбиешілерімен достары арасындағы қарым-қатынас дағдысын бақылай отырып, балаға көмек көрсету, демеуші болуға шақырады.
Тәрбиешілермен өзін –өзі тани білу, балалармен қарым-қатынас дағдысындағы ерекшелігін зерттеу мақсатында «Сіз қандай тәрбиешісіз?» сауалнамасы алынып, «Тәрбиешілерге 9 кеңес», «Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек» , «Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту» атты жадынама мен кеңестер оқылды.
Сонымен қатар, тәрбиешілер мен тәрбиешілердің көмекшілерімен тренинг ойындар жүргізілді:
1.Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті».
Мақсаты: Тәрбиешілердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
2. Тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй жан шуағы» .
Мақсаты: Ұжым арасында психологиялық ахуалды қалыптастырып, жалпы эмоционалдық көңіл-күйін жоғарылату өзара жылы қарым-қатынас пен толлеранттілікті дамыту.
Жарты жылдықта өткізілген педагогикалық кеңестерде ұжым қызметкерлерімен тренинг жүргізілді:
1.Тақырыбы: «Мен кереметпін».
Мақсаты: Ұжымның эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру және топтасып жұмыс істеуді дамыту.
2. Тақырыбы: «Сиқырлы психология әлемі».
Мақсаты: Психологиялық ахуал тудыру, өзіне сенімді мінез- құлықты дамыту, өзін бағалай білуге және өзін аудитория алдында сенімді ұстай білуге үйрету.
Профилактикалық бағытындағы жұмыстар:
Бейімделу кезеңіне сүйемелдеу мақсатында «Бөбек», «Балапан», «Құлыншақ», «Күншуақ», «Ботажан» тобының балаларымен психологиялық ойын-жаттығулар жүргізілді. Кирсанова Е.С. әдістемесіне «Мысықпен амандасу,танысу», «Қанқыз қонақта», «Доп», «Жапырақтар» тақырыбында психологиялық оқу қызметі өткізілді. Бұл баланың балабақшаға тез бейімделуіне көмегін тигізу мақсатында жүргізілді.
Балабақшаға жаңадан келген балаларды бақылау нәтижесінде бейімделу парақтары толтырылып, қорытынды жасалды. Сондай-ақ ,баланың тез бейімделуіне ата-ананың атқаратын рөлі, ықпалы өте зор. Осыны еске ала отырып, ата-аналармен «Баланың бейімделу кезеңінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» баяндама оқылып, «Ата-аналар үшін баланың балабақшаға бейімделуі » атты кеңестер таратылды және сауалнамалар толтырылды. Мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
«Күншуақ» , «Құлыншақ» топтарының ата-аналар жиналысына қатысып, «Жүрек жылуы» атты тренингі өткізілді. Сауалнамалар толтырылды.
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан дүниесін түсінуге шақыру.
«Тұлпар», «Ботажан» топтарының ата-ана жиналысына қатыстым. Тренингтің тақырыбы: «Менің балам қандай?» . Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына , жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
«Бөбек», «Балапан» тобына «Ата-аналар үшін баланың балабақшаға бейімделуі туралы кеңес» , «Ата-аналарға арналған психологиялық 10 кеңес» таратылды және сауалнамалар толтырылды.
Гипербелсенді балаларға арналған ойындар, жаттығулар әдістемесінен оқу қызметтері «Тұлпар», «Балапан», «Ботажан», «Құлыншақ» , «Күншуақ», «Бөбек» топ балаларымен өткізілді. Мақсаты: Өз іс-әрекетін бақылап, қадағалай алуға үйрету. Зейін және қимыл-қозғалыс дағдысын дамыту, эмоционалды қысымнан арылту. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланың таным процесін дамыту мақсатында психологиялық ойындар,жаттығулар жүргізу.
Түзету-дамыту және кеңес беру жұмысы:
Балабақшада әр кезде балалармен, ата-аналармен, тәрбиешілермен жеке психологиялық сүйемелдеу жолында кеңес, түзету-дамыту жұмыстары жүргізіліп тұрады.
2022-2023 жылдың қазан, ақпан, шілде, тамыз айында ПМПК қорытындысы бойынша төмендегі көрсетілген балалар балабақша психологымен жұмыс жасауға жолданды:
Бала саны Топтың аты Аты-жөні
1. «Тұлпар» МАД Гекк Варвара
2. Привалова Кира
3. Тұрар Арғын
4. Теміргалиева Алия
5. «Күншуақ» Абай Найля
6. «Ботажан» Серік Тамерлан
7. Ақтанов Мирас
2023 жылдың қазан айында жүргізілген ПМПК комиссиясына балабақшадан 14 бала жіберіліп,12 бала қабылданып қорытындысын алды.
Бала саны Топтың аты Аты-жөні
1. «Тұлпар» МАД Айтанов Амир
2. Тұрар Арғын
3. Теміргалиева Алия
4. Гекк Варвара
5. Попова Ева
6. «Ботажан» Жанабаев Алибек
7. «Бөбек» Штрауб София
8. «Құлыншақ» Нұрлан Алинұр
9. Есенгелді Айзере
10. Өмірзақ Мирас
11. «Күншуақ» Өмірбек Аяулым
12. Абай Найля
Барлығы 12 бала. Нәтижесі бойынша балалар логопед пен психологтың қадағауларында болулары қажет. Яғни, бұл балалармен қосымша жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Әр баламен аптасына 2-3 рет жеке түзету-дамыту психологиялық іс –әрекет өтіп тұрады. Жеке жұмыс жасайтын балалардың ата-аналарына, өздеріне қажетті психологиялық кеңестер мен ұсыныстар айтылды.
Ата-аналарының айтуымен және ПМПК қорытындысы бойынша жеке түзету-дамыту жұмысы Привалова Кира, Гекк Варварамен тоқтатылды.