Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Балауса» балабақшасы
«Мерекеңмен, анашым!»
«Құлыншақ» ортанғы тобы
Тәрбиеші: Махамбетова А.Н
2020-жыл
Ертеңгіліктің тақырыбы: «Мерекеңмен анашым!»
Мақсаты:балалардың көңіл күйлерін көтеру,сөздік қорларын молайту,бірлікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Қол соғайық бәріміз.
Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме құрметті ата-аналар бүгін келіп жеткен көктем мезгілінің алғашқы мерекесі де келіп жетті.Мерекелеріңіз құтты болсын.Біздің «Құлыншақ» тобының балаларының мерекесі құтты болсын.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер сіз ғой аналар.
Зор денсаулық мол бақыт,
Тілейміз біз сіздерге.
Хор: «Ай дидарлы анашым» қабыл алыңыздар
Осы кезде музыка әуенімен Көктем аруы келеді
Сәлеметсіңдер ме балалар сендерге асыға келдім сендермен мерекені тойлауға болады ма?Олай болса рахмет сендерге
Жүргізуші:Көктем аруы жайғасыңыз балалармен бірге өнерлерін тамашалаңыз.Ендеше келесі кезекті тақпақтарға берейік.
Тақпақ
Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасам сағынам. Мансур
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ. Жаннур
Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейрімді ғой керемет. Аймира
Айналайын анашым,
Аялайсың,бағасын.
Сен үшін балалармен,
Ән шырқайық бәрімен. Дильназ
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген анашым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын. Гульназ
Жүргізуші
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Ортаға қызғалдақтай қыздарды шақырамы!
Би: «Гүлдер»
Ойын: «Танып ал»
Жүргізуші
Ананың біз гүліміз,
Ана-біздің күніміз
Аналарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.Ортаға әнші қызымыз Жаннұрды шақырамыз
Ән: «Милая мама»
Тақпақтар
Аппақ мамам ақ мамам,
Ақ мамам деп шаттанам.
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Бөпешім деп жатпаған. Ерназар
Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге.Дима
Зейнеп
Тәрбиеші: Мың бұралып би билеп,
Ән де салып береді.
Осылайша шаттықпен,
Бөбектер өсіп келеді- дей келе, ортаға біздің ұлдарымызды «Әжелер» биімен қарсы алыңыздар.
Ән шырқайық баршамыз
Хор: «Аналар» әнін қабыл алыңыздар
Ойын: «Мен бишімін»
Тақпақ
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі. Нұргелді
Аяулы анашым,
Құшағыңа кіргенде.
Жылынамын бір демде,
Не жетеді көзіңе. Арғын
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күнмен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен. Елхан
Мәпелеп мені өсірген,
Рахмет саған анашым.
Кір жуытпай атыма,
Мәпелеген баласын. Глеб
Жанымды жайнатқан,
Сіздер сіз ғой аналар.
Зор денсаулық мол бақыт,
Тілейміз біз балалар. Радмир
Ән: «Мамочка милая» Елхан,Нелли,Арғын,Зағила
Би: «Флешмоб» Ұлдар
Құрметті ата-аналар балабақша музыка жетекшісінің әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Анашым»
Тәрбиеші: Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші ақ мамам.
Сыйлықтар тарату гүлдер музыка әуенімен
Құрметті аналар осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын!