"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Киіз уйді қалай безендіремін?" "Тұлпар" мектепалды даярлық тобы

19.03.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК«Балауса»балабақшасы

 

 

 

 

ҰОҚ ашық көрінісі

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: «Құрастыру»

Тақырыбы: «Киіз үйді қалай безендіремін?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тұлпар» мектепалды даярлық тобы

 

 

 

 

                                                                                                       Өткізген: Исабаева А.Қ.

 

 

 

2020 ж

 

 

 

 

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру
Тақырыбы: « Киіз үйді қалай безендіремін ? »
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, киіз үй құрылысымен таныстыру. Балалардың жүрегіне ұлттық сана - сезімді ұялату, ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту. Салт - дәстүрлерін, қол - өнерін дәріптей отырып, ел жандылыққа, бір – бірін сыйлауға, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.

Құрастыруға арналған материялдарды дұрыс қолдана білуге жаттқтыру,құрастыру шығармашылыққа баулу.

Керекті құралдар мен материялдар:Әр балаға жеткілікті мөлшерде құрастыру материялдары,желім,қайшы,қиылған жіптер.

Әдіс-тәсілдер:Алдын ала жүргізілетін жұмыстар.Тоқыма жіпті ұсақтап қию

Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап,құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Шаттық шеңбер                

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

-Сәлеметсіздер ме қонақтар!

 

Жұмбақ:

Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.                           (Киіз үй)
 

-Ия,дұрыс киіз үй екен,

-Олай болса балалар біз қазір анау жайлауда орналасқан киіз үйде тұратын әжеге қонаққа барамыз.                               

(балаларды жартылай құрылған киіз үйге апару)

-Сәлеметсіз бе апатай!
Әже:-Сәлеметсіздер ме балалар, қане жоғары шығып жайғасыңыздар.
Балалар  біздің жайлаудуғы киіз үйімізге  қош келдіңіздер, жақсы жеткен боларсыңдар.  Өздеріңді таныстырып өтсеңіздер.

Тәрбиеші: -Әже, біздің балалар осы киіз үй туралы көп нәрсе біліп танысқысы келеді.

Сіз балаларға айтып бересіз бе киіз үй жайлы –қоныс екенін.
Әже;-Ал қане онда сендер бос келмеген боларсыңдар, мен сіздерден қонақ кәде сұраймын.

Тәрбиеші. Әрине қонақ кәдеміз бар,Аянат пен Иссана сізге тақпақ айтып береді.
Аянат:

Үй жасау керегеден басталады,
Оңайлау бұдан көрі басқалары.
Ағашы керегенің – сағаналар,
Біркелкі, қатар-қатар тасталады.           

Иссана:

Тоқталып киіз үйдің уығына,
Көрейік мұны дағы біз ұғына.
Болса да жалғыз ағаш сырық сынды,
Көп мұның қиыны да, қызығы да.                          

-Жарайсыңдар балалар                                                                                                                                     Тәрбиеші: –Балалар,мына отырған киіз үйлердің  бар жасауын әже өзі  жасап жатыр екен.    

Әже: –Иә балалар,қазір қыс  мезгілінің соңғы айы, алдымызда наурыз мерекесі таяп  келіп қалды. Сондықтан киіз үйді құрып сәндеп безендіретін кез келді.                                                                                                  -Мен сендерге киіз үй –жайлы қоныс екенін айтып түсіндіріп кетейін.                                                                          Слайд:
Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы.
Біздің қазақ халқы ертеде қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүрген. Көшіп қонуға ыңғайлы болсын деп осындай киіз үйлер дайындаған. Бұл киіз үй қыста жылы, жазда салқын болған. Киіз үй негізінен ағаштан жасалып, киізбен жабылған. Сондықтан киіз үй деп аталған.

                    

-Киіз үй негізі төрт бөліктен тұрады.
Кереге, уық, шаңырақ және есігі сықырлауық деген бөліктерден тұрады екен.
Қазақта керегең кең болсын, шаңырағың биік болсын, уықтай көп болыңдар, есігің достарыңа әрқашан ашық болсын деген осы.         

                                                                                                                                           Қане қайталап айтып көрейік:
Кереге, Уық, Шаңырақ, есігі сықырлауық

-Балалар, киіз үйді әсемдеп, әдемілеу үшін әртүрлі қазақтың қол өнер бұйымдарымен, бау – басқұрларымен безендіреміз. Бұл бұйымдар киіз үйге сән беріп тұрады.                                                                            Бұл бұйымдарды мен өзім жасап, киіз үйді безендіремін.                                                                                                        Киіз үй жабындары:Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік.

 (киіз үй жабдықтарын көрсету)

           
Киіз үйдін ішінде сандық,домбыра ,қамшы,дөңгелек үстел ,әдемі оюлы көрпешелер т.б болады.


-Ал балаларым мен сендерге киіз үй туралы айтып бердім, сендер менің көңілімді бір көтеріп берсеңдер қалай болады.
-Әрине, әже сіз бізге көп мағлұмат бердіңіз, қазір біз сізге ән айтып береміз.   

-Балалар сізді көріп ауылдағы әжелерін сағынып қалғандай өйткені сағындым әже әнін орындамақшы .                                                                                                                                                              Хор: «Сағындым әже өзіңді»

Әже:  -Жарайсыңдар балалар ,қандай керемет .

Тәрбиеші: -Балалар біз әжеге түс киіз істеп безендіруге  көмектесейік

 

Сергіту сәтті                         

Дөңгеленіп тұрайық.

Шеңберді біз құрайық

Кереге болып керіліп,                                                                                                                                                                         Уықтар болып иіліп

Шаңыраққа кейіліп

Киіз үй біз құрайық 

 

-Балалар ,қазір біз мына ою-өрнектерді қиып және оған желімді жағып ,үстіне үгітілген тоқма жіпті салып жапсырып   олардан түс киіздер жасаймыз және ол жасаған түс киіз оюды алып  тақтадағы киіз үйге апарып жапсырып безендіреміз.

          

Ал енді маған айтыңдаршы, бүгін сендер қайда келдіңдер?
-Әжеміздің үйіне.
Әжелерің сендерге не туралы айтты?
Киіз үй туралы
Киіз үйдің қандай бөліктері бар екен?
Керегесі, уығы, шаңырағы, сықырлауық есігі
- Қане, керегесін кім көрсетеді? (шаңырағын, уығын, есігі сықырлауықты көрсету)
Жарайсыңдар балаларым, әжелеріңнің айтқанын ұғып алған екенсіңдер.

Әже: -Жарайсыңдар балалар,сендердің маған көп көмектерін тиді рахмет сендерге ,киіз үйім әдемі безендірілді ,сондай қуанып тұрмын.

-Олай болса балалар, мен сендерге  сиқырлы киіз үйді  беремін ,неліктен сиқырлы киіз үй дейді  ,мұның бір сыры  бар, бұл шағын киіз үйді мына дайын ою-өрнектермен безендірсе ,оның ішінен сыйлық пайда болады екен

Тәрбиеші: -Балалар, кәне онда киіз үйді тағыда безендірейік .

   
-Ал енді балалар, қане бәріміз ортаға шығайық, біз бүгін киіз үймен таныстық.

 -Қазір, біз осы киіз үйдің шаңырағын көтеріп, әрбір  уықтарын әр- қайсымыз бір – бірден ұстап жақсы бір тілек сөздер айтамыз.
-Еліміз тыныш болсын.
-Аспанымыз ашық болсын.
-Шаңырағымыз биік болсын.
-Керегеміз кең болсын.
-Мейірімді әжелер көп болсын.
-Атамыз ауырмасын.
-Папа – мамамыз аман болсын,                                                                                                                              -Ынтымағымыз арта берсін,                                                                                                                            -Жүзіміз жарқын болсын                                                                                                                                                               -Бәріміз аман болайық 

  

Әже: -Әмин балалар тілектерің орындала берсін.

Өркендерін өсін

Сау болыңдар балалар.

 

 Күтілетін нәтиже:
Білді: Балалар қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы жалпы мәлімет біледі.
Меңгерді: Ұлттар достығы мерекесін, мерекелік көңіл күймен қарсы алауды.
Игерді: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін, қол өнерлерін дәріптеуді.

 

 

 

Просмотров: 3645


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст