"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Мерекеңмен анашым!" "Балапан" тобы

19.03.2020

                                       Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

МКҚК «Балауса» балабақшасы»

 

 

 

 

 

«Мерекенмен, Анашым!»

 

 

                                        «Балапан» № 2 кіші тобы

 

 

 

 

 

 

                                                                            Өткізген: Омарова Г.З.

 

 

 

 

2020 жыл

 

 

              «Мерекеңмен, анашым!»  ертеңгілігік

 

Көңілді әуенмен  балалар  залға  кіріп, орындарына тұрады.

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме  құрметті  аналар, аяулы  әжелер! Баршаңызды  көктемнің   алғашқы   мейрамы    8 наурызбен   шын   жүректен   құттықтаймыз. Сіздерге  шаттық, бақыт, байлық  тілей  отырып, 2-і  кішкентай «Балапан»   тобының дайындаған «Мерекеңмен,анашым!» атты ертеңгілігімізді   тамашалауға   шақырамыз.

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ендеше,күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді.

Ән:«Ақ мамам»

Ал енді келесі кезекті аяулы аналарын құттықтауға келген балалардың ыстық ықыласын тыңдайық.

Димаш:Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймын мерекеңмен,

Құрметті Аналар!

 

Арлан:Бізді өсірген анашым,

Еңбегініз зор екен,

Қүтты болсын Анашым!

Құтты болсын мерекен!

 

                                                                                                                                     Рома:Маму утром разбужу,

Сладким поцелуем.

И на ушко ей скажу,

Как ее люблю я.

Ұлжан:Ана пана,Ана дана.

Өмірге әкелетін,Ана ғана.

Аймира: Ақ анашым, аппағым,

                  Өзің жайлы тақпағым

                  Өзің жайлы әнім де,

                  Арнадым саған бәрін де.

Тәрбиеші: Әнімізге ән беретін, кешімізге сән беретін 

Аналарымызбен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Сабидін алақаны 

Жүргізуші:Шуақты көктем күні, күн нұрын төккен күні,

Аналарды мейраммен балалар құттықтайды!

Әжелермен аналар , қыздарменен апайлар,

Сұлуланған, нұрланған , әдемі боп құлпырған,

Би билейміз, жырлаймыз, мерекені тойлаймыз!

Би: «Көбелек биі»

Жүргізуші:

Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді , ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар:Аяулы анамыз!

Жүргізуші:

Балалар, айтыңдаршы.

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін.

Баласы үшін әрдайым,

Мейірімін төгетін

Ол кім?

Балалар:Анашым!

 (музыка әуенімен көктем кіреді)

Көктем ханшайымы:Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. 

Балалар сендерде кандай мереке болып жатыр?

Жүргізуші:Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. Біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.

Көктем ханшайымы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Тәрбиеші:Көктем ханшайымы біздің құрметті қонағы болыныз, балалардың аналарына арнаған мерекесін бірге тамашалаңыз.
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді әжелерге,
 «Әжемнің шайы» әнін сыйлайық!

Ән: «Әжемнің шайы»

Жүргізуші:Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық…..

Келесі  құттықтау  біздің  әжелерімізге  арналады.

Диара:Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Арнат:  Мені жақсы көреді,

          Күндей күліп келеді,

          Көп ертегі біледі,

          Маған айтып береді.

 Расул:Әже деген көп шығар,

             Әжемдей жоқ шығар.

 Даниал:  Ақ кимешек киген,

          Ақ бетімнен сүйген.

          Менің әжем қандай,

          Менің  әжем  айдай.

Жүргізуші:

Ананың — біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!Ал біздің  ұл  балалар  қыз  балаларды  биге  шақырып,  биден  шашу  шашады.

Би :« Моя мама лучше всех!»

Тәрбиеші:Аяулы ана, асыл әже,
Балалардың ойының   тамашалайық.

 Ендеше кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Ананы сәндейміз» 

Бексултан:Әр сөзімді жаттаган,

Жүрегіме сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Мелина:Анам болса қасымда,

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі,

Мейрімді гой керемет

Владислава:Мамочка, мамуля,

Я тебя люблю,

И 8марта

 Цветы тебе дарю

Медина:Наурыздың сегізі,

сұлулықтын негізі.

Әдемі сөз баланың,

анаға айтар лебізі

Дияр:Құтты болсын,анашым

           Құтты болсые,мерекең!

Тәрбиеші:Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,

Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…


(сыйлықтарын аналарға береді)

 

Көктем ханшайымы:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!

Құрметті аналар,осымен біздін мерекеміз аяқталады.Қымбатты да аяулы аналар. Мерекелеріңіз құтты болсын.Әлемдегі ең сұлу,ең мейрімді,ең қамқор адамосы отырған сіздер.дендерінііз сау,көніілдерініз шат болсыын.

                                           

 

 

 

 

 

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст