Ақмола облысы
Зеренді ауданы
МКҚК «Балауса» балабақшасы
«Мерекеңмен анашым!»
«Күншуақ» ортаңғы тобы
Өткізген:Хайратбай Г
2020 жыл
Мерекеңмен анашым!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық әйелдер мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Балалар музыка залына музыка әуенімен билеп кіреді.
Ақылды да талантты ,ақкөңіл қыз – Шырайым.
Білімді да сүйкімді ,ақжарқын қыз- Аяулым.
Сұлу да сымбатты ,қылықты қыз-Айгерім.
Мейірімді әрі мейірбан, ашық мінезді қыз –Нұрайым.
Ажарлы да момын қыз-Рауза.
Жүргізуші: Қымбатты аналар, сүйікті әжелер,аяулы қыздар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Балалардың орындауында «Анам- әжем » әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналадысіздерге.
Бар баланың тақпағы.
Тақпақтар:І
Нұрайым:Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Ислам:Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін.
Айгерім:Анамды мен жақсы көремін
Айтқан тілін алып жүремін
Қасымда апай жүргенде
Шаттанып ойнап күлемін
ІІ
Тамерлан:Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Шырайым:Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Жүргізуші: Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Ән: «Жақсы көремін әжемді атамды» әнін қабыл алыңыздар Нұрайымен Шырайымның орындауында.
Жүргізуші: Ойын: «Сәндеу»
Ұл балалар қазір біздің қыздарды жылдам сәндеуі керек.
Жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Достық биін арнаймыз
Би: «Джентльмен»
Тақпақтар
Балалардың тақпақтарынакезек берейік.
Аяулым:Аппақ мамам,ақ мамам
Ақ мамам деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт болып
Бөпешім деп жатпаған
Сергей:Құтты болсын анашым
Құттыболсынмерекең
Әркезсағантілеймін
Ұзақөміржолдарын
Тамир:Біздіөсіргенанашым
Еңбегіңіззорекен
Құттыболсынанашым
Құттыболсынмерекең!
Муслим:Баланың да тірегі
Дананыңдатілегі
Ауырмасынешқашан
Анамыздың жүрегі.
Бекарыс:Әлпештеген аялаған
Ақсүтбергенапатайым
Сәлемжазыпбүгінсаған
Мейрамыменқұттықтаймын.
Аңсар:Меніжақсыкөреді
Күндейкүліпкеледі
Көпертегібіледі
Мағанайтыпбереді.
Арно:Құттыболсынанашым
Құттыболсынмерекең
Әркезсағантілеймін
Ұзақөміржолдарын
Жүргізуші: Ал, енді, балалар, аналарыңды қалай жақсы көретіндеріңді Ән арқылы жеткізейік.
Ән: «Мамочка милая,мама моя» Сергейдін орындауында қабыл алыңыздар
Жүргізуші:Ойын: «Анасы баласын қалай еркелетеді?» ( мысалы: жаным, ботам)жіпті орай отырып.
Жүргізуші:
Айгөлек-ау,айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезімде
Би билеймін дөңгелеп
Қыздарымыздың орындауында «Испан биі»
Жүргізуші:
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам
Мерекеңіз бүгін!
Хайратбай Гулнардың орындауындағы «Ай дидарлы анашым!» әнін қабыл алыңыздар.
(Балалар шармен билейді)
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Мерекеңмен, анашым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!