"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Мерекеңмен анашым!" "ботажан" тобы

19.03.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК «Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

«Мерекеңмен  анашым!» ертеңгілігі

 

«Ботажан» II кіші топ

 

 

Өткізген: Амангельдинова А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020ж

 

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Балалар залға көңілді ән-күймен  кіреді бір рет айналып шартылай шенберге тұрады. Жүргізуші:Қымбатты  да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпырған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Мерекеңмен  анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ендеше балалар бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Апатайым анашым»Хор

 

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

 

 

Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың, Дамир
Анаға айтар лебізі.
 

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам, Нұрсая
Айналайын ақ анам

 

Алпештеген аялаған.

Ақ сүт берген апатайым.

Салем жазып бүгін саған.

Мерекенмен құттықтайымын! Ұ.Мирас

 

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек   Томирис
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

 

Біз доспыз гүлдермен, Інжу
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?балалар? Көктем мезгілінде

Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Джентельмендер биі» Орындайтын –ұлдар.

 

Жүргізуші: Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар дей отыра балаларды тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
 

 

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,    Т.Мирас
Қуантсам деп келемін.

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі         Алмат
Маған айтып береді

 

Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең        

Құттықтаймын анашым!   Айдар
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бізді өсірген анажан.

Енбегі де зор екен.

Құтты болсын анажан!

Құтты болсын мерекен!     Самира

 

Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, гүл атты!   Сергей

 

Жүргізуші: Әжетайым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де,
Ән «Жақсы көрем әжемді»-орындайтын Есенеева Нұрсая

 

 

Жүргізуші: Балалардың әжелеріне, аналарына  арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

 

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап     Арлан
Әдеппен бас иеміз.

 

Анашым анам

Ризамын саған

Тілінді аламын

Ақылды боламын     Алина

 

Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар       Максим


Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.     Милана


Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар! Лиза

Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз     София

 

Я для мамы нежзные

Соберу подснежники

На восьмое подарю

Очень маму я люблю!     Полина

 

Жүргізуші: Балалар сендер ойнауды жақсы көресіңдер ме? Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, ойнайсындар ма? Аналарымыз да серігіп қалсын.

Ойын: «Анамның алақаны» ата аналармен ойнатылады.

Жүргізуші: Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қол соға

қыздардың биін қабыл алыңыздар. Би: «Анашым.»

 

 

Ойын : «Шаш өру»

 

Жүргізуші:

Құтты болсын анашым
Анамыздың жүрегі.
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын,   Ән « Әжеммен қаламын »- хор.

Жүргізуші:Тамаша, міне ата аналар көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі, әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар сыйлықтарын ата аналарға табыстайды)

 

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Күндеріңіз толсын гүлге,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

 

Просмотров: 335


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст