"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Мерекеңмен анашым!" "Тұлпар"тобы

19.03.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК «Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

«Мерекеңмен, анашым!»

(«Тұлпар» мектепалды даярлық тобы)

 

 

 

 

Өткізген: Жапарова А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

                                                          2020 жыл

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық әйелдер мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ортаға балалар шығып билейді.

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

 

Жүргізуші: Қымбатты да ардақты әжелер, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпырған қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер!

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.- дей отыра сіздерге арналған тақпақтарды қабыл алыныздар!

Аянат:

Аналар – ау менің шалқар көлдерім

Көлдерім мен асқар - асқар белдерім

Мына өмірде қуанышты жүргенім

Сенің арқаң мына өмірге келгенім.

Нұрбек:

Ерлік еткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Анамызға мың алғыс

 

Иссана:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

 

Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызда қазір қыздар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Гүлдер биі»

Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар, - дей келе балаларымыздың  сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.

Салтанат:

Менің әжем, бұл әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Ықылас:

Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді,

Әжеме ешкім жетпейді!

Айзере:

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың

Ана деген- өмірдегі қамқорың

Ана деген-сүйенерің, жан құрбың

Ойын: «Гүл шоғы»

Жүргізуші:  Бүгін наурыздың 8 - і

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Тақпақтар:

Айнель:

Айналайын анашым,

Асқар таудай панасың.

Күн көзіндей күлімдеп,

Құшағыңа аласың.

Ерасыл:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен – асқарсың, сен - аспансың, биіксің,

Сен - дарқансың, сен – жомартсың, данасың. 

А.Айлана

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз.

Қарсы алыңыздар, ортада Салтанат пен Абылай «Мама» әнімен.

Жүргізуші: Анам менің ақ мамам

Менсіз таңы атпаған

Жырды маған жаттаған

Жұрттың бәрі мақтаған - дей келе ортаға балаларды тақпақтарымен шақырайық.

Рамина:

С 8 марта поздравляю

И желаю красоты,

Чтобы счастье в доме было

Чтоб цвели всегда цветы!

Чтобы солнышко дарило

Теплоту всегда-всегда

Радость в гости заходила,

Исполнялась бы мечта

Радион:

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Айша:

Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп жер бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Балалардың орындауында «Вальс» биін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші: 

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен,шуағыңмен Күн –Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем-дей отыра ортаға балаларды тақпақтарымен шақырамыз.

Ажар:

Ана деген - асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты

Таба алмайсың ешқашан.

Абылай:

Анам менің – өмірдегі тірегім,

Анам менің – кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Әдемай:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсем деймін шаттандырып

Жүргізуші:

Үн қатамын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен- дей отырып аналарды ойынға шақырғым келеді.
Ойын: «Мен анамды жақсы көремін»


Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Сағындым әже»

Жүргізуші:

Сыйлар едік анамызға

Гүл шыққан жоқ далада

Қолдан жасап береміз

Риза болшы анашым,балаңызға. Бүгінгі мерекеге балалардың кішігірім сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

-  Аналар,әжелер біздің ұлдар тек қана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

 

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст