"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Мен елімнің патриотымын"

19.03.2020

«Мен елімнің патриотымын!»

  Рухани жаңғыру – адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахынасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы рухани жаңғыру – дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты жарасқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады.

    Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.

    Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуімізге  көшбасшымыз мына бізге дара жол көрсетті. Сол кедергілерден қалай өту керектігін айтып, бағыт-бағдар берді.

    Елбасымыздың бұл игі ісін жүзеге асыруды балалабақшадан бастау керек деп есептеймін. Сол себепті «Рухани жаңғыру» аясында, «Мен елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағаты «Тұлпар» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерімен өтті. Мақсаты: Балалардың ұлттық ою - өрнек туралы білімдерін тереңдетіп, халықтың тұрмыс - салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту.Ұлттық өнерге  деген сүйіспеншілікке, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

    Тәрбие сағаты барысында балалар тақпақтар мен мақал-мәтелдерді жатқа айтып берді. Қазақтың ою-өрнектерінің бірнеше түрлерімен танысып, олар жайлы көптеген мағлұмат алды. Ұлттық ойындарды дәріптеп, балаларды сергітіп алу үшін «Тауық күрес» ойыны ойнатылды.  Сонымен қатар балалар екі топқа бөлініп, шығармашылық жұмыс атқарды. Мұнда олар ою-өрнектерді алдымен қиып алып, содан соң алашаны безендірді.

Тәрбие сағатының соңында балалар «Туған  ел»атты  әсем ән орындады.             Осылайша балалардың бойында туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері арта түсті деген ойдамын.

 

 

 

                                                                  «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі

Жапарова Айнамгүл Төлеуқызы

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст