Ақмола облысы
Зеренді ауданы
МКҚК «Балауса» балаақшасы
ҰОҚ ашық көрінісі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сауат ашу негіздері»
Тақырыбы: «Ә дыбысы мен әрпі»
(«Тұлпар» мектепалды даярлық тобы)
Өткізген: Жапарова А.Т.
2020 жыл
Мақсаты: « Ә» дыбысымен оның әріп таңбасымен таныстыру.
Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын байыту. Есте сақтау, сөйлеу қаблеттерін арттыру. Сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.
Шаттық шеңбері: Балалар бір — біріне көргендеріне қуанышты екендерін білдіру үшін, бір- біріне жақсы тілек жылы сөз айтады.
Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Ортамызда күн нұры, (қолдарын төмен созады).
Қолымызға алайық (күннің шуағын қолдарына алады).
«Әуенді әріптер» бейнеролик
Өткен әріпті қайталау. «Кім зерек?» ойыны (сұрақ-жауап)
- Өткенде қай әріппен таныстық?
- З дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?(ереже)
- Қане, сол З дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші (слайд)
- - Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)
- Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)
- Дұрыс балалар, жарайсыңдар!
Жұмбақ жасыру арқылы оқу қызметінің тақырыбы мен мақсатын шығарып алу.
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш)
-Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Ә дыбысынан
-Ә дыбысын хормен айтқызу;
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ә дыбысы мен әрпі.
- Ә дыбысы дауысты дыбыс
- Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектін төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады
- «Әтеш», «әже», «әткеншек» сөздеін буынға бөлу.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ән - ән -ән
Қамба толы дән
Ән - ән - ән
Әжем айтқан ән
Ә әріпін ауада, жіппен, моншақпен жазу.
Сергіту сәті
«Бармақтар отбасы»
Дәптермен жұмыс
Дәптерге «Ә» әріпін жазу
Д/о: «Қажетін тап»
Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық?
Ә дыбысы қандай дыбыс екен?