"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Ашық оқу қызметі "Пішіндер әлемі" ҚМҰҚ

27.02.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК «Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ ашық көрінісі

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: ҚМҰҚ

                                        Тақырыбы:«Пішіндер әлемі»

 

    № 2 кіші «Балапан»тобы

 

 

                  

Өткізген:Даргенова Ж.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жыл

                                                                                                                                         

Тақырыбы: «Пішіндер әлемі»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Методикалық әдіс: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтау.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер теледидар, күн, үй, доп, гүл, пирамидалар.
Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру, құрастыру, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең

Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Балалар бүгін бізде ерекше күн.
- Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері
Біздер тату боламыз,
Гүлдей жайнап аламыз.
Шаттық құрып шеңберден,
Бір қуанып қаламыз.
Тәрбиеші: Балалардың назарын теледидарға  аударып «Пішіндер»атты мультфильм тамашалау.

Тәрбиеші:Балаларды саяхатқа шақыру және жыл мезгілі туралы өткен оқу іс-әрекеті туралы қайталайды.
Балалар: Жылдың қай мезгілі екенін айтады.
Ұйымдастырушы, ізденуші кезең
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз өзіміз білетін геометриялық пішіндерді және пішіні бір-біріне ұқсас заттарды топтауды үйренеміз. Ол үшін біздер «сыйқырлы пішіндер» еліне саяхатқа барамыз. Барғыларың келе ме?
Балалар: Иә, барғымыз келеді.
Тәрбиеші: Ол жақын жерде балабақша үйінің жанында, сондықтан біз оған жаяу барамыз. Тоңып қалмас үшін тез киінеміз
Балалар: Тез киіну қимылын жасайды.
Тәрбиеші: Ой, балалар! Жолда кедергілер қар үйінділері көп екен.
Тәрбиеші: Міне керемет! Мынау алдымызда тұрған «Дөңгелектер әлемі».                                    

Сендер бұл жерден нені көріп тұрсыңдар?
Балалар Күнді, гүлді, допты, шарды.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Бұның бәрі қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Дөңгелекке.

Тәрбиеші:Балалар қарандарші үстел үстінде тапсырмалар бар екен, киылған доптар,түрлі-түсті шарлар соларды құрастыру және ұрлеу керек.Қане ,тапсырмаларды орындайық.
Тәрбиеші: Мынау келесі «Үшбұрыштар әлемі» мұнда нені көріп тұрсыңдар?  
Балалар: Таулар,пирамидалар,үйдің төбесі.
Тәрбиеші: Осы көріп тұрған таулар, пирамидалар, үйлердің төбесі қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Үшбұрышты пішінге ұқсайды.
Тәрбиеші:Үшбұрыш әлемінде де тапсырмалар бар екен.Шырша,пирамида құрастыру.

Балалар тапсырмаларды орындайды.

Тәрбиеші:Ал енді балалар мынау «төртбұрыштар әлемі» Бұнда нелер бар екен?
Балалар: Үйлер, есік, терезе, кітап, дәптер, текшелер, кірпіштер.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Төртбұрыштар әлемінде де тапсырмалар бар.Текшелерден төртбұрыш құру.

   

 Тәрбиеші:Ал балалар сендер шаршаған боласындар сергіту сәтін жасап алайық:

Орнымыздан тұрайық,

Төрт бұрыш құрайық,

Қолымызды созып

Үшбұрыш жасайық,

Бір отырып бір тұрып,

Дөңгеленіп қалайық.

 

Біз енді осы сиқырлы пішіндер әлеміне келіп тұрып қалайша сурет салмай  кетеміз?Қане, балалар! Құм топырағына пішіндерді салайық.

Мазмұны: үстел үстінде түрған құм терапиясын қолдана отырып пішіндер суретін салады.     
 Бақшамызға қайтатын уықыт та келді.

 Тәрбиеші:Балалар қарандар біз өтетін жолда  карлар үйіліп қылыпты.Қане жолымызды қардан тазалап тастайық.

Қардың арасынан сиқырлы сандықша тауып алады.  

Топқа келген соң тағы бір ойын ойнату.

Ойын: «Пішіндерді топтау»
Мазмұны: Әр түрлі пішіндердің, заттардың ішінен бір бала дөңгелек пішіндерді, екінші бала үшбұрышты, үшінші бала төртбұрышты жинайды. Осылайшы іс-әрекеттің мақсатына жетеміз.

Қорытындылаушы, түзетуші кезең
Тәрбиеші: Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Балалар: Сиқырлы пішіндер әлеміне.
Тәрбиеші: Онда қандай пішіндер бар екен?
Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Топтау деген не? Сендер пішіндерді топтай аласыңдарма?
Балалар: Ұқсас заттарды жинаймыз.

 

Балаларға сиқырлы сандықшадан сыйлық алып тарату.                                                           

Күтілетін нәтиже:
Білуі:
Пішіндерді ажыратып атауы.
Түсінуі:берген заттардаң пішіндерді құрай алуы.
Қолдануы: Әр түрлі заттарды, ойыншықтарды топтастыру алуы.

 

Просмотров: 1374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст