"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Ашық оқу қызметі "Бұршақты көйлек" аппликация

27.02.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

МКҚК«Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

                       ҰОҚ ашық көрінісі

                       Білім беру саласы: «Шығармашылық»

                       Бөлімі: «Аппликация»

 

 

 

                                                      «Ботажан» II-кіші топ

 

 

 

Өткізген: Амангельдинова А. С.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      2020ж

Тобы: «Ботажан» ІІ кіші топ.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ашық оқу қызметінің түрі: Аппликация

Тақырыбы: «Бұршақты көйлек»

Мақсаты: Киімдер туралы білімдерін кеңейту, балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру, шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: киім үлгілері туралы әңгіме өткізу.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: көрсету арқылы түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн көк аспан!

Қайырлы күн жер Ана!

Қайырлы күн апайлар!

Қайырлы күн достарым!

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

 

Балалар бүгін қандай әдемісіңдер, киімдерін қандай әдемі.

Балалар біз бүгінгі ҰОҚ де  киімдер жайлы әңгімелесетін боламыз.

Ендеше теледидарға назар аударайық.

Слайд көрсету

Тосын сәт: Топқа Айжан есімді қыз келеді. Қолында қуыршағы бар.

-Айжан сен неге көңілсізсің?

Айжан: Менің қолымдағы қуыршағымның көйлегі әдемі емес, мен оны қалай сәндеу керегін білмеймін. Ал менің достарымның қуыршағының көйлектері әдемі, сәнді.

-Айжан сен мұңайма, біз бүгін көйлек туралы танысып жатырмыз. Біз саған көйлекті қалай сәнділеу керектігін үйретеміз.

- Балалар, ендеше біз Айжанға көйлекті сәндеп көрейікші, Айжан бізден қарап үйреніп алсын. 

Шығармашылық жұмыс.

Біріншіден, дайын көйлектің үлгісін ақ қағазға жапсырамыз, содан соң көйлектің бұрашығын ақ түспен жабыстырамыз.

– Бұршақтардың пішіні қандай екен балалар?

Балалар жұмысымызды жасап болсақ кішкене серігіп алайық.

 

Саусақ жаттығуы  орындалады.

«Ара»

Ара гүлден гүлге ұшып,

Бал жинауға асығады.

Аю ұрлап кетпесін деп,

Ұясына жасырады.

Балалар жасаған жұмыстарын тақтаға іледі. Айжан енді өзін де қуыршағына әдемі көйлек жасай алатын болдын.

Айжан  қуанып қалады да , балаларға ризашылығын білдіріп сыйлық табыстайды.

Қоштасып шығып кетеді.

Ойын: «Киімдерді ажырат» Луллия шеңбері арқылы

 Балалар  суреттердің ішінен күнделікті киіп жүрген киімдерді тауып, түрлерін, түстерін ажыратып атайды.

 

Балалар киім түрлерін тамашалап қарайды

 

 

 

 

 

 

- Иә, көмектесеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмыстарын жасайды

 

-Дөңгелек.

 

 

 


 


Балалар тәрбиешіге қарап, қимыс  әрекеттерді жасайды



 

Балалар Айжанмен қоштасады.

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып ойын ойнайды.

Рефлексиялық – түзетүшілік

- Балалар, бүгін біз не істедік?

- Қонаққа кім келді?

- Қандай көйлектің түрін жасадық?

Сыйлықтар таратылады

- Айжанның көңілін көтеруге көмектестік. – Көйлекке бұршақ жапсырдық.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Көйлек киім түріне жататындығын біледі.Түстерді ажырата біледі.Кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыруды;

Қандай түсініктерді игерді:Дайын суретті қағаз бетіне желіммен жапсыру, ұқыптылық,таза жолын игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдаланауды;

 

 

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст