"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Құмдағы ғажайып ойындар

24.04.2023

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгтің «Құм терапиясымен» балабақшадағы балалармен жұмыс жүргізуді жөн көрдім. Кинетикалық құм терапиясы – адамға өзінің жан дүниесіндегі               өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. 

Құм терапиясының маңыздылығы:
• Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлау мен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
• Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады.

Менің тәжірбиемде терапияның еркін әдіс екені көрсетіледі.
Мысалы көгілдір жасыл  түсті құмзар,  балалар бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады.
Құм – өте ұсақ болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенін сезінгенше қолдары түрлі мүсіншелер жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.
Құммен ойын — балалардың эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Мен өзімнің тобымда балалардың сөздік қорларының дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымды аударамын. Осы жұмыстарды шешудің бірден-бір жолы «Құм терапиясы».            Біз топта құмды қолданамыз.                        

 Қорытынды. Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау – ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы  сыртқы және ішкі  дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті.Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз  пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.коммуникатвті дамыуына  жағымды әсер тигізеді.

Просмотров: 1414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст