Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
«Балауса балабақшасы» МКҚК
«Кел, Жаңа Жыл!»
(мерекелік ертеңгілік)
Жауапты: Даргенова Ж.Ж.
Актанова Ж.С.
2019 жыл
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы тұсінік беру. Аяз ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әсемділігіне қызықтыру.Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнерімен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
1 жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, әріптестер кішкентай бүлдіршін балалар, сендерді келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл жаңа табыс, мол бақыт, тек қана жаңа жылда көптеген жақсылықтарға, бақыт, қуаныштарға жете берейік.
2 жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы қандай арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылдың тағы да
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға біздің
Кішкентай бүлдіршіндерімізді.
1 жүргізуші: Балалар, осы келген Жаңа жыл мерекесі құтты болсын, ал ендеше қол ұстасып шыршаны айналып бір ән шырқап жіберейік.
Ән: «Шыршыға бардық»
2 жүргізуші: Балалар қараңдаршы, бұл не екен? Қанекей, жақындап көрсек қайтеді? Балалар, бұл қолғап сияқты қанекей орнынан қозғап көрсек қалай болады екен?
(Осы кезде қолғаптан қоян шығады)
Қоян: Балалар, бұл не шу, бұл менің үйім ғой. Ал сендер, неге сондай әдемі болып тұрсыңдар? Қандай мереке? Ал сендермен бірге Жаңа-жылды қарсы алуға болады ма?
(Осы кезде артынша үйшіктен түлкі шығады)
Түлкі: Қоян, досым мен де сенмен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлағым келеді. Бірге барсам бола ма?
Қоян: Әрине, балалармен бірге көңіл көтерейік. Олай болса, балалар, бір ойын ойнайық.
Түлкі : Алақай, алақай ойын ойнайық.
Ойын: «Аққала құрастыру»
(Осы кезде Аю мен Қасқыр шығады)
Қасқыр: Қоян, түлкі сендер неге шулап жүрсіңдер? Асыр салып ойын ойнап, қуанып, бұл қандай мереке екен?
Аю, досым келші, мында балалар Жаңа-жыл мерекесін тойлағалы тұр балалар, ал Аяз ата мен Ақшақар қайда?
Аю: Олай болса, барлығымыз бірге үш рет айқайлап шақырамыз Аяз ата, Ақшақар деп айқайлап шақырамыз.
(Осы кезде Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз Ата: Армысындар, балаларым, бармысындар халайық! Өздерін сияқты балардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Мен сеңдерге қаншама сыйлықтар әкелдім. Жаңа жыл құтты болсын!
Ақшақар: Сәлеметсіңде ме,балалар.Жаңа-жылдарың құтты болсын! Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
1 Жүргізуші: Ал, енді Аяз ата, Ақшақар «Балапан» тобының сіздерге дайындаған «Сағат» биін тамашалаңыздар.
Аяз ата: Балалар, ал сендер менің қолғабымды көрген жоқсыңдар ма? Мен қолғабымды жоғалтып алдым, Ақшақар қызым бірге қолғабымды іздейікші. Осы кезде
Түлкі:Ата ата міне сіздің қолғабыңыз
Аяз ата:Жарайсың, Түлкі жан, рахмет саған, бұл менің қолғабым ба? Тым үлкен болып қалған сияқты. Олай болса сиқырлап жіберейін.
(Осы кезде қолғаптан Тышқан шығады)
Аяз ата: Тышқан сен не істеп жүрсің? О, алақай, Тышқан сен менің қолғабымды және балалардың сыйлықтарын тауып бердің рахмет саған.
Тышқан: Сәлеметсіңдерме, балалар, Жаңа-жыл құтты болсын!
2 Жүргізуші: «Күншуақ» тобы өздерінің жаттаған тақпақтарын ортаға шығып айтсын.
Жылдың әнін бастайтын
Аяз-ата кеп қалды
Майысады жас қайын
Көтере алмай көп қарды
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеген
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той-маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Тақпақ айтқан балаға
Сыйлықтарын беріп тұр
1 Жүргізуші: Аяз ата қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр,сіз өзіңіздің сиқырлы таяғынызбен шырмамыздың шамдарын жағып беріңіз.
Аяз ата балалармен бірге қосылып:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
2 Тәрбиеші: Ал, балалар, мерекені ары қарай жалғастырайық.
Аяз ата алыстан шаршап келді, отырып дем алсын. Біз тақпақтар айтып аяз атадан тәтті сыйлықтар алайық. Ортаға «Балапан тобы» ның бүлдіршіндерін шақырайық.
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән саламыз
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды жараса
Қарандар мынау шыршаға
Неткен әсем жұлдызы
Жаңа жылдық думанға
Аяз ата келіпті
Аяз ата келіп тұр
Бізге сыйлық беріп тұр
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Аю:Балалар менің сендермен ойын ойнағым келеді Қасқыр досым балалармен бір ойын ойнасақ қайтеді.
Ойын: «Шамдар»
Аю:Қасқыр досым орманға оралатык кез келді балалармен қоштасып жолға аттанайық менің ұйқым келді
Қасқыр:Олай болса орманға оралатын кез келді сау болыңдар достарым келесі кездескенше.
1 Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Бишілерді ортаға
Күншуақ тобын «Ақшақар биімен» қарсы алыңыздар.
2 Тәрбиеші:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсың Жаңа жыл
Ата-әже, әке-шеше
Құтты болсын Жаңа жыл – деп, балаларды тақпақтармен ортаға шақырайық.
1. Айгерім
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау,қарлы шың
2. Шырайым
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
3. Тамерлан
Қалып едін сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шан іліп
4. Аңсар
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлеп,төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын
Аяз-ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жылда-жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр
Ақшақар:Балалар қане жай тұрмай бір ән шырқап жіберейік
Ән: «Шырша жыры»
Тышқан:
Жаңа жылда жаңа бақыт, таныштық
Жаса,жаса,достық,бірлік, туыстық
Құттықтайық жаңа жылды өнермен
Қуаныштың әр минуты тым ыстық
Торай: Мен ескі жылмын. Сіздерге молшылық бақыт әкелдім. Мына келген жаңа жылға тілерім:
Жасампаз заман, бұл заман
Бүгіннен ертен ғаламат,
Алдыңғы сапта боларсың,
Қош сау болыңдар, балалар. (кетеді)
Тышқан:Балалар бір биді билеп жіберейік
«Тышқандар биі»
1 жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болу үшін Аяз ата, Ақшақар біздің балалардың дайындаған тақпақтарын тыңдаңыздар.
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келдң алыс сапардан
Аяз ата оралып
Жасыл желен жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күткен сағынған
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Тамаша, тамаша
Аяз ата келеді
Әнімізге қосылып
Бізге сыйлық береді
Ал, келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
Аппақ, аппақ
Қар аппақ
Айналаның бәрі аппақ
2 Жүргізуші:
Күлімдеп көздері,
Қане қане келіңдер
Би билеп беріңдер, ортаға «Күншуақ» тобын «Аққала биімен» шақырамыз.
Аяз ата: Ақшақар қызым, біз балалардың өнерлерін тамашаладық, ал енді сыйлық беретін кез де жеткен сияқты.
Ақшақар: Әрине, Ата, балалар қандай әдемі, қалай сыйлық бермеске.
Аяз ата: Балалар, біздің сыйлығымызға риза болындар. Ал, енді біз жолға шығайық, басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріндер, өркендей беріндер. Аспандарың ашық болсын! Қош сау болыңдар!
1 Тәрбиеші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді келесі жылда асыға күтеміз. (Аяз ата мен Ақшақар кетеді).
2. Тәрбиеші: Құрметті, ата-аналар, балалар, 2020 Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп, тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!