"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Ұлттық тәрбие негізі –балабақшада

20.02.2023

Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор. Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт-дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі. Көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ т.б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді, рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды, отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады. Балабақшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету. Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканың асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беру.Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты–халықтан, пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу қызметін ұйымдастыруда үйреніп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор: – Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі.Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: — белсенді қарым-қатынас: баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; — индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; — өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; — шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені беруде, ұйымдастырылған оқу қызметінің мәні неде? 1.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу қызметі– адамның қалыптасуы, тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету. 2.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу қызметі сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі. Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады. 3.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу қызметі– адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау. 4.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу қызметі тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді..Сондықтан да қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап үнемі салт-дәстүр аясында өседі . Бала тәрбиесінде халықтық, тұрмыстық салт-дәстүрдің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор.Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата –баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуміз қажет.

Просмотров: 647


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст