Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
МКҚК “Балауса” балабақшасы
Ұйымдастырылған спорттық іс – шара
«Шынықсан шымыр боласын»
Өткізген: Уразбаева Р.С
2019 жыл
«Ботажан», «Балапан»
екінші кіші топ
Тақырыбы: «Шынықсан шымыр боласын»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Көрнекілігі: Шел шары, кегли, доғалар, шығыршықтар, пирамидалар, гулдін жапарақтары, ысқырық
Барысы:
Жргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біздің «Балауса» балабақшасында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.
Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.
Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар.
«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
«Қыран» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Жүргізуші: Балалар ал еңді кішкене денемізді қыдырып алайық, шеңберге тұрып ЖДЖ орындау.
Ойын түрлері:
1.Тез адымда
2. Шебер
3. Кім жылдам?
4. Шегірткелер
5. Доппен секіру.
1."Тез адымда"
Ойынның шарты: себеттен себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.
2. "Шебер"
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу
3." Жұптасып жүгіру"
Балала бір – біріні құшақтап кеуде арасына шарды қысып жүреді. Алға артқа
4. "Пирамида"
Балалар бір – бірінің артынан жүгіріп доғаның астынаң өтіп пирамиданы жинайды артқа жүгіріп кетеді.
5. "Күнің көзің жинау"
Балаларға гүлдің жапарақтарын береді, олар бір – бірден жүгіріп барып шеңбердің қасына қояды. Күнің көзін істейді.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. «Тұлпар» тобы біріші орынға ие болды, «Қыран» тобы екінші орынға ие болғанына мадақтама грамоталарымен марапатталды.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!