"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Алтын күз"

20.11.2019

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.

Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.

Музыка әуенімен балалар ортаға шығады.

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
                    Жайнап гүлдей жүріңдер
                    Күздің тойын тойлайық
                    Би билейік, ойнайық.

Балалардың орындауында «Күзгі вальс» әнін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Ұ.Мирас: Берекесін сыйлауға,                          

 Өлкемізге күз келді.

 Жемістерін жинауға,

 Шақырады біздерді

 

Нұрсая: Күздің қазан айында,   

Алма,алмұрт піседі                

 Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр, сыбдыр түседі

 

Артем:Қуандырып біздерді,                              

Мерекелі күз келді.

 

Көктемде егін егетін,                

Күзде жиып беретін.

 

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсен халқымыз                 

 

Полина: Алтын сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.             
Жүргізуші: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Жүргізуші: Ұлдардың орындауында «Саңырауқұлақтар»биін  қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші: Келесі кезекті тақпақтарға береміз:

Милана:  Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.           

         Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Алмат:Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын                                     

 

Лиза: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

 

Дамир: Көзден жасты шығарып,   

Тұмаудан бір сақтаймын.

 

Інжу: Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз 

                      


Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
Әдемі әуен ойналып , Коян кіреді: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз.

Ойын: «Жемістер мен көкеністер жинау»

Шарты: Маған  балалар  қажет,  жерде шашылып  жатқан жемістер мен көкеністерді  себетке салуларын қажет.
Қоян: Жарайсыңдар балалар, өте ақылды  екенсіңдер.
Жүргізуші:  Әсем әуен салдырған
                     Сәбилер де алғыр жан
                     Бал дәуреннің қызығын
                      Есте қалар балдырған.

Қоян, енді Нұрсая  қызымыздың орындауынд «Күз» әнін тамашалыңыз.

Коян: Балалар әндерін  қандай тамаша.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар, қоянға өнерлерн ұнап жатыр. Ортаға балаларды тақпақтарымен шақырамыз:

 

Айдар: Күзгі бақта атырап,

Көз тартады күлімдеп

Арлан: Қауын-қарбыз жүзімнің

Бәрі менен табылар

Т.Мирас: Құтты болсын мереке                         

Алтын күзді тойлаймыз  

Томирис: Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.

София: Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.

Самира: Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей. 


Жүргізуші:  Бүлдіршінмен бәріміз,
                      Отбасындай бір ұямыз
                      Береміз ендеше 
                      Би өнеріне кезегін.

 Қыздардың орындауында «Бұлттар» биі

 


Коян: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Қоян:  балаларға алма таратады)
Коян: Балалар  жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз коянға алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге коян, сау болыңыз!
Коян: Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші:
          «  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
            Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»

« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК «Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

«Алтын күз»

 

 

 

 

 

Жауапты: Амангельдинова А.С.

 

 

 

 

 

 

 

2019 жыл

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст