Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Балауса» балабақшасы
«Алтын күз!»
«Балапан» тобы
Тәрбиеші : Даргенова Ж.Ж
2019 жыл
Мақсаты: Күз мезгіліндегі өзгерістері, ерекшеліктері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту, мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру;
Балаларды еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу ; Тәрбиеші:Құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Қош келдің, Алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз!
Тәрбиеші: Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі! Түрлі – түсті жапырақтармен безендірілген. Жапырақтар алтын түске бөленіп айналамызды жайнатып жіберіпті.
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі. Тәрбиеші: Күз мезгілінде қандай өзгешеліктер болады? Балалар: Күн суық болады.
– Жаңбыр жауады.
– Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
– Жемістер мен көкеністер піседі.
Тәрбиеші: Сендер күз мезгілі жайлы тақпақтар білесіңдер ме? Жайдары күз,жарқын күз, Аяулын күз,алтын күз . Арлан Дәнге толып ен далам Дариядай шалқып жүр.
Көк аспаның мөлдіреп, Алтын күзім елжіреп, Бексултан Асыр салып жүре бер, Сары көйлегің желбіреп.
Тәрбиеші: Ия, балалар күз мезгілі өзінің ерекшеліктерімен, байлығымен бізді қуантады. Біздің балалар күз мезгілі жайлы әнін де шырқай алады.
Тәрбиеші: Жақсы қане бәріміз «Кап, кап- тук ,тук» әнін орындайық. Ән: «Кап кап тук тук» Жүргізуші: Біздің бүгінгі мерекеге келген қонағымызды қарсы алайық.(Осы кезде музыка ойнап, ішке «Алтын күз» себетке салған жемістері бар, билеп кіреді.) Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі мерекелеріңмен сендерді құттықтаймын. Әрқашан осындай әдемі болып жүріңдер! Тәрбиеші: Қош келдіңіз, Алтын күз!
Алтын күз. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, таба аласыңдар ма? Өрік, алша,Шие, алма, Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз Қияр, сәбіз Дүкендерге түседі. Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады? Балалар: Күз мезгілінде болады. Алтынкүз: Бұлттар төніп Жерге шөгіп Дымқыл тұман болады Шөп сарғайып, Өңі тайып Дала сұры қашады Бой жаза алмай Ойнай алмай Денең мұздап тоңады Бөбектерім айтыңдар. Бұл қай кезде болады? Балалар: Күз мезгілінде. Алтын күз: Жарайсыңдар балдырғандарым, менің өлең жұмбағымды бірден таптыңдар. Жүргізуші: Балалар өздерінің тақпақтарын айтсын. Қандай өзі береген, Алмасын-ай алмасын, Дияра Жемісі көп не деген, Жеп тауыса алмайсың
Өрік,шие,балы бар, Қауын,қарбыз көбейді. Димаш Жегін келсе,бәрін ал Неге аласың демейді.
Ал енді балалардың тамаша «Жапырақтар» биіне кезек берейік. «Жапырақтар» биі
Тәрбиеші: Балалар мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын, біреу кележатқан сияқылды. Балалар: Ия. (Музыка жүріп, залға түлкі келеді) Түлкі:Мен түлкімін, түлкімін. Кім білмейді түлкіні. Алдамаймын ешкімді, Алтындалған күз күні. Тәрбиеші: Түлкі сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды. Біздің балалар мерекеге арнаған тақпақтарын айтып берсін. Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен. Үлжан Бәрін тауып беретін, Жомарт екен күз деген.
Алтын,сары,қызыл,көк Алуан,алуан жапырақ . Мелина Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап
Мерейлі күз,мырза күз Сыйлығына ризамыз. Медина Аппақ арай таңыңда, Шомыламыз нұрға біз.
(Залға көңілсіз қоян келеді) Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай көңілді! Тәрбиеші: Біз бүгін Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз. Сіз неге көңілсізсіз? Қоян: Менің сәбізімді түлкі алып, қашып кетті. Тәрбиеші: Қоян көңіліңді түсірме біздің балалар сәбізіңді тауып береді. (Түлкі қоянның сәбіздерін ортаға шашып тастайды) Түлкі: Балалар қане, «Кім шапшаң» ойынын ойнайық. Кім бірінші болып қоянның сәбіздерін жинап береді екен. Төрт бала шығып, жинайды. Қоян: Көмектерің үшін рахмет сендерге балалар. Жүргізуші: Балалар біздің бүгінгі қонақтарымызға арнап, тамаша « Алтын күз» әнін оындап берсін. Қабыл алыңыздар! Ән: «Алтын күз»
Тәрбиеші:Қане енді біздің сымбатты қыздарымыздың бийлерін тамашалайық.Бий «Қолшатыр»
Қоян: Қандай жақсы балалар, өздері ақылды, еңбекқор, өнерлі. Солай емес пе түлкі? Түлкі: Ия мен де таң қалып отырмын. Алтын күз. Әнді де, тақпақты да өте керемет айттыңдар. Балақайларым, енді сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнаймыз ба? (Екі топқа бөлініп шығады«Көкөністермен жемістерді жинау»). Қай топ тез жинап алады. Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жинау»
Алтын күз. Керемет балалар, мен сендерге ризамын. Бүгінгі мереке сендермен бірге көңілді өтті. Сендерге қызықты болды ма? Балалар: Иә Алтын күз. Балалар сендер кішкентай болсаңдар да, өнерлі екенсіңдер. Рахмет сендерге.Менің сендерге деген сыйлығым бар. Ал енді біз кетейік! Сау болыңдар! Түлкі: Келесі кездескенше! Қоян: Сау болыңдар! Тәрбиеші: Құрметті біздің қонағымыз Алтын күз, бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғаныңызға рахмет! Осымен “Алтын күз” мерекесі аяқталды, балаларымыз болашақта тек қана биіктерден көріне берсің! Көріп тамашалағандарынызға көптен – көп рахмет!