Ақмола обылысы
Зеренді ауданы
«Балауса» балабақшасы
Тақырыбы: «Алтын күз»
Өткізген: Оспанова.Н.Б
2019-2020 оқу жылы
Жүргізуші: Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Жүргізуші: Балаларымыздың орындауында «Кап-кап,тук-тук-тук»әнің қабыл алыңыздар.
Хор: Кап-кап,тук-тук-тук
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың сізге арнаған өлең тақпақтары бар қабыл алыңыз
Тақпақтар:
Қызыл,сары,алтын көк,
Алуан-Алуан жапырақ. Әмина
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай. Дамина
Жүргізуші: Көңіл күйі түскен ортаға қоян келеді.Қоян неге сенің көңіл –күйін жоқ не боп қалды?
Қоян: Мен қысқа азық –түлік дайындаған жоқпын ал күн болса суық енді не істерімді білмей тұрмын.
Жүргізуші: Қоян сен көңіл-күйінді түсірме бәрі жақсы болады қазір біздің балалар көмектеседі уайымдама.
Ойын: «Сәбіз жинау»
Би: сергіту сәті «Би жемістер»
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың сізге арнаған тағы өлең тақпақтары бар қабыл алыңыз.
Тақпақтар
Дождик,дождик,кап,кап,кап,
Мокрые дорожки. Марк
Если хочешь погулять,
Надевай сапожки! Артур
Жүргізуші: Балаларымыздың орындауында «Күзгі бақ»әнің қабыл алыңыздар.
Хор:
Ойын: «Жемістер»
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі!Менің сеңдерге өз бағымнан әкелген жемісім бар. Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»