"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Әнді сүйсең менше сүй"

31.10.2019

Ақмола облысы                                                                                                                                     Зеренді ауданы                                                                                                                                     Зеренді ауылы                                                                                                                                           МКҚК «Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

                    Тақырыбы: «Әнді сүйсең, менше сүй»

 

 

                          

 

 

                                                                       Музыка жетекшісі: Амурқызы А.

 

 

 

 

 

                                                   2019 ж

Тақырыбы: «Әнді сүйсең, менше сүй»

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына

 арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!

Ертеңгілігіміздің  мақсаты балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.

Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға  жетпес  мұра.

Ертеңгілігімізді ән ұраннан бастайық.

Ән ұран: барлық балалардың орындауында.

Жүргізуші: Балалар,бізге қонақ келіпті.

Қонақ (Германиядан келген):

Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша

сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.

Жүргізуші:Балалар, қонақпен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Жүргізуші: Сіз бізге өзіңіздің  туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?

Қонақ: Германия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала-Берлин

деп аталады.Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.

Жүргізуші: Рахмет. Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл

апталығына арналған ертеңгілік  өтіп жатыр.Қонақ болыңыз!

Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.

Жүргізуші: Балалар, біздің отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші:Біздің елордамыз қалай аталады?

Балалар: Нурсултан.

Жүргізуші: Балалар,  адамға тіл не үшін керек?

(Балалардың жауабы)

Жүргізуші:Дұрыс, тіл адамдарға бір-бірімен тілдесуге, сөйлеу

үшін керек. Тіл арқылы адамдар бір- бірімен қарым-қатынаста

болады. Біздің Республикамыз Қазақстанда көп ұлттар турады,

олардың барлығы тату-тәтті өмір сүреді.

Досым! Біздің өнеріміз көп, және де тіліміз өте бай!

Балалар дәлелдеп көрсетейікші?!

Иә!

Даярлық топтың балаларының орындауында.

«Көңілді күн» әнің  қошеметпен қарсы алайық!

Ал,қазір,балалардың тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарын тыңдайық.

 

Еркежан:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

Жаннұр:

Ана тілім-ардағым,
Білмегенің арға мін.
Құстардағы салады,
Өз тілінде таңғы әнін.

 

Рахмет сіздерге балалар!

 

Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді.

Солай болса анаға арналған,

Габдульманова Жаннурдың орындауында "Мама лучший друг" әнің қабыл алыңыздар!

Керемет! Балалар қазір біз орыс халқының әнің тыңдап тамашаладық!

 

Жүргізуші: Осы халықтар Қазақстанда

тұрса да өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі  болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз керек, құрметтеуіміз керек.

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

 Ал,қазір,балалардың тіл туралы, біздің Отанымыз туралы  тақпақтарын тыңдайық

Зере: 

Ана тілің, арың бұл.

Ұяттың боп тұр бетте.

Өзге тілдің, бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.

Мұса: 

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың бауырың.

Отан - өлкең астанаң

Отан – аудан, ауылың.

Махаббат. 

Жанымнан да қымбат,

Ана тілім маған.                 

Ана сөзін тыңдап,                 

Үлгі, өнеге алам.

Еркежан:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

Жаннұр:

Ана тілім-ардағым,
Білмегенің арға мін.
Құстардағы салады,
Өз тілінде таңғы әнін.

 

Жүргізуші: Рахмет балалар, назар аударайықшы, мен сендерге ағылшын тілінде өнерің көрсететін, екі кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырсам деп едім

Нурайым және Шырайым! "Little star" әнің қабыл алыңыздар!

Қошемет!

«Тіл-біздің тұтастығымыз», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілің көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату-әрбір адамзаттың абзал борышы. Тіл –тауылмайтын байлық.

 

Тақпақтар

Дәуіт:
Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді.

Елжас:

Тілің-қымбат қайда да,
Сүйсін тілін әр бала.
Ана тілі жеткізер,
Көк аспанға,ойға да.

Еркежан:   

Отан – жерім,                                

Отан – суым.                            

Отан қуат, нәр береді

Диярбек:

Ана тілді құрметте,
Жұртын сүйген ұланым.

Асанәлі:

Тілім-бойда тұмарым,
Жарық берер шырағым.

Отан – мәңгі гүлденеді.

Жүргізуші: Ал енді балалар бәріміз бірге "Ана тілі" туралы ән шырқап берейік!!!

 

 

 

 


 

Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім, рахмет сендерге.Сау болыңдар,балалар.

(Балалар қонақпен қоштасады)

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

«Әнді сүйсең, менше сүй» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды

Просмотров: 560


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст