«Жарқын елдің шамшырағы-жас маман»
Әлемдегі озық елдердің қатарына ену-Қазақстаның алдына қойған ең негізгі мақсаттарының бірі. Елбасымыздың өзі айтқандай,қолдағы бас байлығымыз –адами капитал.Сондықтан бұл бағытта негізгі жасалатын жұмыс-елдің жарқын болашағын құрушы,оның өркендеуін қамтамасыз ететін мамандар шығару .Әрине,тек білікті де өз мамандығының қыр-сырын жетіп меңгерген маман ғана елдің жарқын болашағын қалайтыны сөзсіз.Бойындағы білімін қатар тәрбиесі де,рухани жан-дүниесі,Отанына деген ыстық махаббаты,инаббатты бейнесі қалыптасқан маманға деген сұраныс қай уақытта болмасын бірінші орында болады.
«Еліңнің ұлы болсан,еліңе жаның ашыса,бойындағы азаматтың намысың мен парызың болса,еліңді көркейт,еліңе қызымет қыл,теріңді төк,»-деп Елбасының өзі айтқандай,қазіргі таңда ертеңі мен бүгінгі күнін дұрыс жоспарлай білетін,алдына айқын мақсат қоя білетін жас мамандарға артылар міндет пен арқалайтын жұктің ауыр екенін айтып,сондай қиындыққа төзе білетін жастарға үшін сенім артып отыр.Отанын қалтсыз сүйе білетін,еңбекқор, заманның талабы мен сұранысына төтеп бере алатын,ата-бабаларымыздан қалған құндылықтарымызды жаңғырта отырып, жігерлене ел үшін қызымет етуге қорықпайтын жас маман ғана өз елінің шынайы бейнесін жасай алатыны анық.
Мағжан Жұмабаев жырлағандай, білімді де рухани жаны таза,мұраты айқын, қайратты жастар ғана өз мақсаттарына жетеді,тек біліммен қаруланып, тасын өрге домалата алатындар да,осы арыстандай айбарлы жастар
Сондықтан елдің дамуына ,кемелденіп,жетілуінің үрдісін басқарушысы да,бастаушысы да,жалғасушысы да-жас маман.Ал жас маманның әрекеттеніп,еңбектеніп өсуін талап етіп,оған жан-жақты жағдай жасау-ол тәуелсіз еліміздің негізгі мұраты.
«Отаншыл халық жастары болмаған,елдің болашағы қараңғы»-демекші,жастарымыздың бойында ең алдымен ,патриоттық сезім,Отаншыл рух болу керек.
Сөзімнің соңында түркі елінің ғұламасы Әл-Фарабидің сөзін мысалға келтіре отырып, «жаратылысынан өзіне айтылған дүниені жете түсінетін,көреген,естіген және аңғарған нәрселерін жадына мықты сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз ақылдың иесі,аса ісімен,өнер білімге құштар ,жаны асқақ ,ар-намысын ардақтай білетін,әділдікті ту ететін,жақсылық пен ізгілікті ұран ететін,қорқыныш пен жасқандауды білмейтін батыл,ержұрек жастар»-ғана өз елінің шамшырағы бола алады дегім келеді.
Тәрбиеші:Даргенова Ж.Ж.