Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Балауса» балабақшасы
«Рәміздерім мақтанышым!»
Тәрбиеші:Кенесбай А.Ж
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: «Рәміздерім мақтанышым!»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір - бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, рәміздерді сурет бойынша таныстыру, сұрақ – жауап.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Слайдт көрсету.
Барысы
Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйіміз қалай?
Шаттық шеңбері:
Менің отаным Қазақстан!
Мен отанымды сүйемің.
Балалардың назарын слайд суреттеріне аудару.
-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ.
-Біз қай тілде сөйлейміз? Әрине қазақ тілінде.
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Қасым-Жомарт Тоқаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Мен қазақпын» әніне билейміз.
Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?( балалардың білмеулері мүмкін)
Бұл біздің мемлекеттік рәміздер.
«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Олай болса мен сендерге мемлекеттік рәміздерді таныстырып өтейін.(слайд)
Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
Балалар тудың түсі көк. Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен. Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген. Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою - өрнегі бейнеленген. Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.
Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.
Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған. Әні жазған Шәмші атамыз.
Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Ойын:«Не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп құрастырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан-Нұрсұлтан-Жасқыран. (үш рет қайталау).