Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Балауса» балабақшасы
« Рәміздерім мақтанышым!»
«Тұлпар» ересектер тобы
(тақырыптық сағат)
Өткізген: Жапарова А.Т.
2019 жыл
Мақсаты: Балаларға мемлекеттік рәміздер жайында толық мәлімет беру.Есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту.Отансүйгіштікке баулу.
Қазақстанның мемлекеттік гимні орындалады
Шаттық шеңбері
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз
Жаз мезгілі екендігін қайдан білдіңдер?
Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Далада ауа райы қандай?
Біздің көңіл күйіміз қандай?
Ал біз қандай елде тұрамыз?
Біздің елбасымыз кім? (слайд бойынша балаларға түсінік беру)
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы. Балалар тудың түсі көк. Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен. Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген. Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою - өрнегі бейнеленген. Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.
Қазақстан Республикасының Менлекеттік Гимні. Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов атамыз жазған. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов атамыз.
Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.
Қимылды ойын: «Бәйтерек»
Мнемокесте
Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл!
Туды түрлі-түсті қарындаштармен бояу
Балалар, бүгін сендермен не жайында әңгімелестік?
Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
Балаларға еліміз жұлдыздай жарқырай берсін деп балаларға жұлдызшаларды тарату