Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Балауса» балабақшасы
Тақырыбы : «Ұлы жеңіс жасасын!»
мерекелік іс-шара
Өткізген: Амурқызы Ә.
(музыка жетекшісі)
2019
«Ұлы жеңіс жасасын» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 74 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Балауса» балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!
Хор: «Менің Аталарым» "Тұлпар" мен "Қулыншақ" тобының орындауында қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Аз емес зар жылаған,егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
«Қулыншақ» тобы бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабал алыңыздар.
Күншуақ тобы бүлдіршіндерінің орындауында «Катюша» биі!
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.
Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
«Күншуқ» тобы бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабал алыңыздар.
Аяру қызымыздың орындауында «Азат елдің жұлдызы» атты әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген.
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте Наурызбай Нығметтоланың орындауында «Солдат болам мен ертең» атты әнін қабыл алыңыздар!
«Тұлпар» тобы бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.
Хор: «Ұланымын Отанның» ересек тобының орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Жеңем деген ел сөзі!
Түрды ажалдан жоғары.
Өмір,адам жұлдызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ
Тұрды ажалдан жоғары,
Өмір нұры жарқырап.
Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Хор: «Отан біздің әніміз» "Ботажан" тобының орындауында қабыл алыңыздар.
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен кәне бәрің түрегел "Әлия" деген әнімді осы "Жеңіс күніне" арнайы, қабыл алыңыздар!