"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

«Жігіт сұлтаны»

08.05.2019
 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

«Жігіт сұлтаны»

 

 

 

 

                                                                                      Өткізген: Амурқызы Ә.

                                                                                            (музыка жетекшісі)

 

 

 

                                                               2019

 

 

«Жігіт сұлтаны» байқауы

«Жігіт сұлтаны» байқауының үміткерлері 4 ұл бала қатысады

Мақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.

Көрнекіліктер: Сурет , шарлар, гүлдер, слайдтар ж т.б

Байқауға қатысатындар: Топ тәрбиеленушілер.

Байқаудың қонақтары: ата - аналар, әріптестер, балалар.

Байқау барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.

«Жан досым» әні орындалады.

ФАНФАРА

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Бүгінгі сайыс төрінде,

Барымызды салайық.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, әріптестер, балалар!

«Жігіт сұлтаны» сайысымызға қош келдіңіздер!

ФАНФАРА

Балабақшадағы бақытты бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамызда тәрбиеленіп жүрген ұлдар мен қыздарымызды заман талабына сай ақылды да, парасатты, ер жүректі, тәрбиелі, иман жүзді болып өскенін қалаймыз.

Сондықтанда біз ұл балаларымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, біріміз күә болайық.

Әділқазы береді

Өздеріңе билекті

Өнерде кім жеңеді

Сол алады сыйлықты

- деп ең алдымен Сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мукушева Д.Е

2.Махамбетова Н.М

3.Жанабаева Б.Б

Жүргізуші:

Ал енді қонақтар сайысты біз бастайық,

Сайыста көңіл менен қол соғайық.

Ұмытарсыз бүгін Сіздер шаршағанды - дей отыра сахнаға «Жігіт сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық.

Алғыр жігітіміз Әмир!

Мейірімді жігітіміз Арғын!

Шырайлы жігітіміз Нұрасыл!

Мықты жігітіміз Нығметтола

Өнерлі де , тәртібі де жаксы жігітімізді ортаға қошемет пен қарсалыңыздар!

 

«Жігіт сұлтаны» сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1. «Сәлем – сөздің атасы». Таныстыру.

2.  «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы

3 «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.

4. Мергендер сайысы. Асық ойыны.

Жүргізуші: Сайыс алдында жақсы тілек білдірейік. Ортаға бірінші қатысушы мызды қошаметпен шақырайық.

Жүргізуші:

Ақыл - көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді - деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлем – сөздің атасы» деп аталады.

Бірінші сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ - қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіз.....

Жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер өзіменен,

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі әрі ақын, әрі әнші,

Таныстырып кетті ғой тегіменен.

Парасатты ер жігіт,

Ақылына сай жігіт.

Өнеріңді өркендет,

Тең келеді қай жігіт?

Жұрт қарасын қызығып, дей отырып, сайысымыздың екінші бөлімі

2. «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы.

Жүрг.: Құрметті көрермендер, әділ - қазылар! Халқымызда «Сегіз қырлы бір сырлы» деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап әділ бағасын берейік.

Өнерлері

3.Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.

Жүрг.: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұл сыннан өтсең егер сүйінші

Жүлде сенде, қуана бер күлімде –

Келді кезек тапқырлықты танытар - деп

«Білімді мыңды жығады» деп аталатын сайысымызға кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Балабақшамызда білім алып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.

1)Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.(Ту, Елтаңба, Гимн)

2)Қ.Р ең бірінші президенті кім?

3)Қ.Р қазіргі президенті кім?

4) Біздің ұлттымыз қандай?қай тілде сөйлесеміз?

Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет.

Ал қазір балалар мен сендерге қызықты жұмбақтар жасырамын , дайынсыңар ма?

Суда мұз бар,

Жерде қар бар

Боран боп соғады

Бұл қай кезде болады? (Қыс)

Күн ысып,

Жеміс - жидек пісіп,

Ел пішенін орады,

Бұл қай кезде болады? (Жаз)

Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады

Бұл қай кезде болады? (Күз)

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан (Бауырсақ)

Адамға серік,

Күзетке берік (Ит)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (Қой)

Өзі бір қу,

Жүрген жері айқай шу (Түлкі)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Кун)

Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)

Ұрмай-соқпай жылатады,

Әркiм бiрақ ұнатады.(Пияз)

Қатысушылар ұлттық ойындарды білесіңдер ме? Экранға қарап сендер қандай ұлттық ойын бейнелеп тұрғанын айтып бересіздер! Ал кеттік!

Ұлттық ойындарды атап бер? («Көкпар», «Қыз қуу», «Асық ойыны», «Арқан тарту»).

Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.

4. Мергендер сайысы. Асық ойыны

Жүр.: Біздің келесі тапсырмамыз жігіттердің дәлдігін, яғни мергендігін білу үшін «Асық ойын» ойнаймыз. Мергендер сайысы.

1 м. – дәл тигізсе – 5 ұпай;

(Әділ - қазы алқасы бесінші сайыс бойынша баға береді).

1) Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша «Ия солай» әсем әнін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

«Батыр болған бабамнан,

Ел қорғауды үйренген.

Ару болған анамнан,

Ар қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.

Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.

Жүргізуші:

Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст