Білім беру саласы: «Таным,Шығармашылық»
Ұйымдастырылғын оқу қызметі: Сурет.Құрастыру
Тақырыбы: Ғарышқа сапар
Мақсаты: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету.Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру;ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру;сөздік қорларын молайту;еске сақтау,ой-өрістерін,зейіндерін дамыту.Балаларды батылдыққа ,адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:әңгімелеу,сұрақ-жауап,көңіл-күйді көтеру,ойын. Көрнекілігі:слайд,таратпа материал,үлгілер.
Пәнаралық байланыс:сурет салу, құрастыру.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс:Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
||
Мотивациялық қозғаушы
|
Амандасу: Қайырлы таң! Ормандар мен далалар! Қайырлы таң! Достасқан бар,балалар. Қайырлы таң! Біздің балабақшамыз.
|
Балалар шеңбер жасап тұрады. |
||
Іздену ұйымдастырушы
|
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем айларын білеміз ба? - Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді? - Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?
Жарайсындар,балалар ,міне көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен. -Ал осы ай қалай деп аталады? -Иә,бұл сәуір айында да,бір үлкен мереке бар.Ол-ғарышкерлер мерекесі. Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/ Ұшқыш емес,бірақ ол Аспанда қалықтап ұшады Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/ Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Аспан әлемінде де ,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз. -Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер? -Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Ю.Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз.Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар. - Аспанда тағы нелер болады,балалар? Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып ,аспан кеңістігін зерттейді. Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Кане есімізге түсірейік,кім айтады? Бүгін Юрий ағаның Ұшқан күні ғарышқа Мен аспанға қараймын Мен ғарышкер боламын. Джамиля Көкке ұшамын Ұшқыр болар баламын Соңынан ерем ағаның Ер ғарышкер ағаның. Бексұлтан Батыр болам-Көк аспанда сүйемін. Жұлдыздарға барып-келіп жүремін. Раяна
Сергіту сәті: Бойымызды,денемізді оятайық. Сәлем көздер, оянайық Сәлем құлақтар, оянайық Сәлем қолдар, оянайық Сәлем аяқтар, оянайық. Енді балалар біз зымыранды құм арқылы салып көрейікші. (Құм технологиясын пайдалану)
Орталықпен жұмыстану: Балалар,кәне 2 топқа бөлініп отырайық.
Геометр. пішіндерді пайдалана отырып зымыранды құрастыру.
Геометр. пішінді дайын гупка үлгілерін пайдалану арқылы бастыру әдісімен зымыран суретін салу. Ендеше, орталықтағы жұмысымызды бастайық.Іске сәт!
Жарайсындар, балалар.
Ойын: «Зымыран-Ұшақ»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау,зейіндерін дамыту. Зымыран- қолымызды жоғару көтеру; Ұшақ- қолымызды созамыз.
|
Балалардың жауаптары
/сәуір айы деп аталады/
Слайд көру
Тікұшақ,ұшақ,зымыран Слайд арқылы әңгімелеу.
/күн,ай,бұлт/
Тақпақ айтады
Балалар шеңбер құрып қимылмен көрсетеді.
Зымыранды құм арқылы салады.
Әр топ балалары өз тапсырмаларын орындайды.
Жаттығу орындайды.
Қимылмен көрсетеді |
||
Рефлексифті түзетуші |
- Балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік? - Кімдер туралы білдік? - Сендерге не ұнады? Бәрі хормен: Аспан,аспан,арайлым Саған жиі қараймын Сені көзбен шоламын. Мен ғарышкер боламын. |
Балалар жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Ғарыш әлеміне туралы біледі.
Игеруі: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан ғарышкерлер туралы.
Жасай алуы: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатынын