"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

«Ғарышқа сапар»

08.05.2019

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

                          

 

 

                    

             Тәрбие сағаты: «Ғарышқа сапар»

                                                                       

                                                                            «Құлыншақ» ортаңғы тобы

 

 

 

 

Өткізген: Казангулова Д.Ж.

2019 жыл

 

Тақырыбы: Ғарышқа сапар.

Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру.12 сәуір ғарышкерлер күні екенін түсіндіру.Тұңғыш ғарышкерлерге және Қазақстан ғарышкерлеріне тоқталу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар.Бүгін бізде «Ғарышқа сапар» атты тәрбие сағаты өтпек.

Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық

Алақанға салайық.

Күн шуағын бір-бірімізге сыйлайық!

 

Тәрбиешінің сөзі:  Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі. Көктемде ғарышкерлер күні болады.Қанеки барлығымыз теледидарға қарайық.                                                                                       

Слайд «Ғарыш әлемі»  

     Ғарышта 9 ғаламшар бар. Біз жер ғаламшарында тұрамыз. Ғарышкер дегеніміз ол ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адам. Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.

Ғарышқа ең алдымен Белка мен Стрелка атты иттер ұшты.Ал мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген адам.

Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Ал одан кейін ұшқан азаматымыз Айдын Айымбетов ағаларың екен.

Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуларың керек.

  Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.

Балалар, сендер қазір қайда тұрып жатырсыңдар? Зеренді ауылында, яғни жер атты планетада мекен етіп жатырмыз.Тек қана Қазақстан мемлекеті ғана емес, сонымен қатар басқа да шет мемлекеттер осы жерді мекендейді.

Балалар, ал сендер ғарыш әлеміне саяхат жасағыларын келе ме? Ендеше мына бейне роликке назар аударайық.

«Жер-біздің планетатанның» бейнеролигі ұсынылады.

Ал енді балалрдың тақпақтарын тыңдайық:

1.Алыс көктен

Айға жеткен

Айдан өткен кемеміз

2.Марстан да

Алыс жайға

Ғарышқа да келеміз

3.Ағаларым бар менің

Ғарышқа ұшып самғаған

Мен де сондай болсам деп

Армандаймын әрқашан

4.Тоқтар батыр кәдімгі

Алпамыстың ұрпағы

Қабанбайдың ұланы

Бөгенбайдың қыраны

 

5.Ұшамыз біз айға да

Ұшамыз біз ғарышқа

Ғарышкер де боламыз

6.Әрқашан ерлікке құштармыз

Қажымас дарынды баламыз

7.Жол салып армандай айға да

Достарды жұлдызға бастармыз

 

Музыкалық сергіту сәті «Мен қазақпын»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді, балалар, қазір барлығымыз отырып, ғарыш кемесі –зымыранды әдемі етіп бояйық.

 

 

 «Ғарыш әлемі» мультфильмін тамашалау

Тәрбие сағатын аяқтау.

 

 

 

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст