"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

«Ғарышқа сапар»

08.05.2019

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ғарышқа сапар»

 

 

 

 

№ 1 кіші «Бөбек» тобы

                                                                                         Өткізген:Тумирзина Д.Ғ.

 

 

 

 

 

 

                                              2019 жыл

 

 

 

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Ермексазды қолдана отырып, тапсырманы ұқыпты, таза орындау қабілеттерін дамыту.

 Тәрбиеші:Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз?
-    Дұрыс, күнді көреміз.
-    Күн бізге не береді?
-    Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

 

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші:Сол көктем мезгілінде-ғарышкерлер мерекесі болады.

Ғарышкерлер дегеніміз олар ғарышқа ұшатын адамдар.Аспан әлемінде де,көптеген ғаламдар бар.

Біз жер ғаламында өмір сүреміз.

Қай ғаламда өмір сүреміз?

Тәрбиеші:-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіндер?

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар.

Слайдпен жұмыс:

 

 

 

 

Иә,балалар ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыран мен ұшады. Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол кім екен? (Ю. Гагарин)

Мына суретте өзіміздің қазақ Ғарышкелері-Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз.Олар ержүрек ,батыр,халық қаһармандары.

Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар,шоқ жұлдаздар бар.

Аспанда тағы нелер болады ,балалар?

- Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:


1.– ер, - ер, - ер
Біз боламыз ғарышкер.
2.- ға, - ға, - ға
Біз ұштық Айға.

Тәрбиеші:Балалар сендер ғарышқа ұшқыларың келеме? Ендеше мына зымыранға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?

Ендеше мына жерде әр түрлі пішіндер бар.Суретке қарап құрастырайық.

Ойын: «Зымыран құрастыр»

Балалардың көңіл-күйлерін көтеру. Балалардың қызығушылығын арттыру.

 

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Кімдер туралы білдік?Сендерге не ұнады?

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст