«Ғарышқа сапар»
Тобы: «Ботажан»
Күні: 11.04.2019 жыл
Тақырыбы: «Ғарышқа сапар»
Мақсаты: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру; ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру; сөздік қорларын молайту; еске сақтау, ой-өрістерін, зейіндерін дамыту. Балаларды батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, көңіл-күйді көтеру, ойын.
Көрнекілігі:слайд, таратпа материал, үлгілер.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.
Билингвистикалық компонент: зымыран-ракета
Балалар шеңбер жасап тұрады.
Амандасу: Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар!
Қайырлы таң!
Достасқан бар,балалар.
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем
- Көктем айларын білеміз ба? -Наурыз, Сәуір, Мамыр.
- Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді? -Наурыз.
-Осы ай қалай деп аталады? -Сәуір айы.
-Иә,бұл сәуір айында да,бір үлкен мереке бар.Ол-ғарышкерлер мерекесі.
Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
Ұшқыш емес,бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де ,көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер? -Зымыран
-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Ю.Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек, батыр,халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады, балалар? -Күн мен Ай және Жұлдыз.
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі. Онымен адамдар аспанға ұшып , аспан кеңістігін зерттейді. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы.Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан.Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр киген. Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Кане есімізге түсірейік,кім айтады?
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын..
Сергіту сәті: Бойымызды,денемізді оятайық.
Сәлем көздер, оянайық
Сәлем құлақтар, оянайық
Сәлем қолдар, оянайық
Сәлем аяқтар, оянайық.
Ғажайып сәт:Балалар,казір бізге бір қонақ келеді.Мынау кім,балалар?
Робот:Са-ла-мат-сың-дар ма, ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-да тұ-ра-сың-дар?
Балалар:Жер ғаламында тұрамыз.
Робот:Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады?
Робот: Балалар,мен жалғыз келген жоқпын қасымда досым бар.Ол сендерге өз өнерін көрсеткісі келіп тұр.
Орталықпен жұмыстану:
Зымыран суретін бояу,тақтаға ілу.
Жарайсындар, балалар.
Тыныштық сәті: Тыныс алу жаттығулары:
Балалар ауызымызды жауып мұрнымызбен терең демалайық.
Тамаша балалар.
Ойын: «Зымыран-Ұшақ»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау,зейіндерін дамыту.
Зымыран- қолымызды жоғару көтеру;
Ұшақ- қолымызды созамыз.
Балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
- Кімдер туралы білдік?
- Сендерге не ұнады?
Бәрі хормен: Аспан,аспан,арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын.
Мен ғарышкер боламын.