Жас маман келсе іске...
2019 жылдың 15 қаңтарынан 15 ақпан аралығында «ЖАС МАМАН» III республикалық байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты:Жас мамандардың біліктілігі мен өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы,оларды іскерлікке,өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;Жас мамандардың республикалық деңгейде педагогикалық тәжірбиелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттырып,ғылыми қабілеттіліктерін жетілдіру.
Байқауға «Балауса» балабақшасынан 10 педагог қатысып,соның ішінен алға суырылып шығып жеңімпаз болған тәрбиешілеріміз бар.Жас маманның үздік ұйымдастырылған ашық оқу қызметінен «Тұлпар» тобының тәрбиешісі Хайратбай Гүлнар I орын –диплом, «Үздік жас маман» төс белгісін, «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Жапарова Айнамгүл Төлеуқызы II орын-диплом, «Үздік жас маман» төс белгісін; «Үздік портфолио» номинациясы-диплом , «Үздік жас маман» төсбелгісімен «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Оспанова Нұргүл Бейбітқызы марапатталды.Ал қалған қатысушыларымыз белсенділік танытқандары үшін дипломмен марапатталды. «Жас маман байқауына» ұжым қызметкерлерін белсенді түрде қатыстыруды ұйымдастырғаны үшін балабақша меңгерушісі Мұқышева Динара Еркенқызы мен балабақша әдіскері Махамбетова Назгүл Мағауқызына Алхыс хат пен «Қазақстан ұстазы» төс белгілері табыс етілді. Ұжымға ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» байқауы «Үздік ұжым» номинациясымен палеткасы қоса берілді.Осы біздің қуанышымызды бөлісуге аудан бөлімінен Тілеубаев Нүркен Найзабекович - білім бөлімінің сектор меңгерушісі пен білім бөлімінің әдіскері Ешжанова Бақытгүл Хабдулхановна келіп педагогтарымызды құттықтап тілектерін айтып марапаттап кетті. Қатысқан педагогтарымызға құтты болсын айта келе,алар асуларыңыз көп болсын деп,әрқашан денсаулық,бақыт,еңбекте жеміс тілейміз.