Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Түрлі-түсті асықтар»
Мақсаты: Асық жайында балаларға түсінік бере отырып, асықты түрлі-түсті бояумен бояуды үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру
Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: слайд,асықтар, қоржын
Іс-әрекет кезеңді |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғалыс |
Шаттық шеңбері. Қуанамын мен де, Қуанасын сен де Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге
|
Балалар шеңберге тұрып тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды |
Ұйымдастыру іздестіру |
Балаларға сиқырлы қоржынды көрсету. -Қоржынның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Әрине, бұл асық. Асық төрт түлік мал мен аңдар тілерсігінде болатын, қызметі аса күрделі,буынға біткен сүйек. Қой,ешкі, сиыр,түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес болып келеді. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер»сияқты неше түрлі асық ойындары ойнатылады. Слайдпен жұмыс
Мақал Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар -балалар қараңдаршы, бүл суреттегі асықтар қандай түсті екен?
Қазір біз сендермен асықтарды түрлі-түсті етіп боямыз.Жақсы ма? Жұмыс барысы -Бояумен жұмыс жасау ережелерін еске салу -Асықтарды өздері қалаған түспен бояйды.
Саусақ жаттығуы
Жұмыстарын жалғастыру Қ/о: «Ханталапай»
|
-асық бар деп ойлаймыз
Мұқият тыңдап отырды
Мақалды қайталап айтады Асықтардың түстерін дұрыс атап берді
Жұмыс барысында балалар асықты әртүрлі түспен бояды
Балалар саусақ жаттығуын жасап, демалып алды
Балалар ойынға қызыға қатысты |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
-Балалар, бүгінгі оқу қызметінде немен таныстық? - Асықты неден жасайды екен? - Сендер асықты қандай түспен боядыңдар? Жұмыстарын көрмеге орналастыру
|
-асықпен таныстық - малдың сүйегі - өз бояған түстерін атады |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Асықтың неден жасалатындығын
Түсінеді: асықпен ұлттық ойындар ойнатылатындығын
Меңгереді: асықты түрлі-түсті бояумен бояуды