"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

«Ана-аса қымбатты жан»

13.03.2019

                                                                    Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

МКҚК «Балауса» балабақшасы

 

 

8 наурыз мерекесіне арналған                                 «Ана-аса қымбатты жан»                                         атты ертеңгілік

                  

 

           

 

Өткізген: Казангулова Д.Ж.

Ортанғы «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі

 

 

 

                                                             2019 жыл

Тақырыбы: «Ана-аса қымбатты жан»

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз Халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, Аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті Аналар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні -8 наурыз-аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргекті

Қорғасындай балқытқан

Айналасына ас қойып

Өзенді көлдей шалқытқан

Бұл кім? Ана, ана, ана (балалардың жауабы) Олай болса бүгінгі аналарымызға, әжелерімізге жалпы әйелдер қауымына арналған «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндерінің «Ана-аса қымбатты жан» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Би «Гүлдер» (Көктем бірге билейді)

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бізге көктем мезгілі кеп қапты ғой?

Сәлеметсіз бе?

Көктем: Армысыңдар, балалар! Армысыздар қонақтар!Мерекелерің құтты болсын! Көктем мезгілі келгені сезіле ме?Айнала оянып құлпыра түсті емес пе?

Жүргізуші: Армысың ару көктем!Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз!Рахмет сізге, көктем.Балалар сізге арнап көптеген тақпақ, өлең, би дайындап қойды. Отырыңыз бірге тыңдаңыз енді.

Анам болса қасымда       Әдемай                

Басқа бақыт не керек

Анашымның жүрегі

Мейрімді ғой керемет

 

Ана, сен бақыттысын!         Аяла

Гүлің болып өсіп келем

Жайнап жүрші

Күліп жүрші

Алладан мен тілеп жүрем

 

Құтты болсын анашым          Тамир

Құтты болсын мерекең

 

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап

Жырдан шашу арнаймыз            Зейнеп

 

Апатайым, анашым              Амир

Ақылы мол данасын

Қамқоршысы баланың

Гүлі сенсің әр үйдің

 

Менің анам ардақты               Ажар

Алтыннан да салмақты

 

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз, балалар          Артем

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Ал ару көктем, балалардың тақпақтары ұнады ма?

Көктем: Ия, ұнады.Енді балалар, сендермен ойын ойнап,  көңіл көтерсек қайтеді? Ойын «Жіпті ора».

Көктемнің телефоны шырылдайды.

Көктем: Иә, не сұрақ? Жапырақтар шықпай жатыр ма? Қар ерімей жатыр ма? Кірпілер де оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек.Қазір ұшып келемін. Балалар,  маған кету керек, сау болыңдар!

Ән.Хор «Ай дидарлы анашым».

Жүргізуші: Ал, енді тағы да тақпақ тыңдасақ қайтеді:

Бізді өсірген анашым

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең                   Айкүнім

 

Еркелесем күнім дейтін                 Нұрбек

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым, күнім дейтін

 

Баланың да тірегі                       Әйгерім

Дананың да тілегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі

 

Ана біздің күніміз             Абылай

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

 

 

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз             Мади

 

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым               Родион

 

«Шляпа» ер балалар биі

Жүргізуші:  Ал енді біз Аналарымызбен бір ойын ойнасақ қайтеді ?

Ойын «Балаңның алақанын тауып ал»

 

Би «Қолшатыр»

Жүргізуші: Қане, тағы да тақпақ айтатындар бар ма?

 

Сенен өскен балалар                                 Нұрай

Батырлар мен даналар

Құттықтаймын мерекеңмен

Құрметті аналар!

 

Анам менің анашым

Сені жақсы көремін!                         Т.Әмір

 

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөзі баланың

Анаға айтар лебізі                                Айару

 

Бәрімізге анамыз

Біз үшін күн боп жанасын                Аңсар

 

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз                            Алина

 

Мерекеңмен бүгінгі

құттықтаймын мен сізді                Дима

 

Жанымызды жайнатқан

Өзіңіз ғой, аналар                        Ақнар

 

Анашым, менің анашым

Мәпелеп өсірген сен едің

Мейрімің қандай керемет

Анашым, менің анашым                 Аружан

 

Ақ сүтін берген анашым

Ақылды менің данашым

Өзіңдей жанды әлемнен

Қайдан табамын, анашым                  Лаура

 

«Аналар мен әкелер» ойын

 

 

«Ең жақсы ана»-әнімен аяқтау, сыйлықтар сыйлау.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст