Ана-асыл жан
Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Қайырлы таң, қымбатты –аналар,арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балапандар шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды-дей келе ортаға «Күншуақ» тобының балаларын шақырамыз қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:Ұлдар қыздарымыз қайда бүгін олардың мерекесі ғой.
Балалар: хормен білмейміз.
Нығметолла: Мүмкін олар шаштаразда.
Жүргізуші:Дұрыс,айтасын Нығметолла олар өздерің әсемдеу үшін шаштаразға кеткенгой.Қазір мен звандап білейін. (тәрбиеші звандап біледі,қыздар шаштаразда екен жолда келе жатқаның айтты)
Жүргізуші: Жақсы олай болса қыздарымызды ортаға шақырайық.(Қыздар келеді)
Жүргізуші: Хор «Аналар күні »
Жүргізуші: Балалар ата –аналарын өлең шуақтарымен құттықтау кезеңіне берейік .Тақпақтар:
Артем:
Айналайын анашым
Аялайсын бағасын
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасын.
Димаш:
Аналарды ардақтап
Қуантатын келді күн
Мейрамы мен құттықтап
Ән салайық бүгін біз
Нұрдәулет:
Әлемге тыныштық тілеген
Жан ана жаныңа гүл егем,
Балалық жүректен айтылған,
Махабатт бесігі бұл өлең.
Ә.Жансая:
Өскенде мен ал енді Аралаймын әлемді Силық әкеп әжеме Таң қалдырам бар елді.
Е.Асанәлі:
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!
Диана:
Бар мейірімділік анада
Ана дегн бар жанды
Мейірімділік ананың
Болмас еш бір адамда.
Альмир:
Мамау любят все на свете,
Мама первый друг.
Любят мам не только дети,
Любят все вогруг
Жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде-дей отырып келесі кезекті қыздардың биіне береміз.Би
Жүргізуші: Ойын: «Дастырхан әзірлеу»
(Ер балалар ойнайды,екі командаға бөлініп біреуі табақ астын қояды біреуі жүгіріп гүл қояды вазамен,біреуі конфетті тарелкаға салып қояды)
Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерін жолдайтың Томирис деген қызы бар
Ән: « Қуыршақ»
Жүргізуші: Балалар ата –аналарын өлең шуақтарымен құттықтау кезеңіне берейік
Тақпақтар:
Ө.Айдын:
Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анажан.
Нығметолла:
Айналайын анашым
Мәпелеген баласын
Бар жамандық науқастан
Мені қорғар панасын.
Ахмет:
Үн қатасын бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен.
Ляян:
Мәпелеп мені өсірген
Рахмет саған анашым
Кір жуытпай атыма
Мәпелеген баласын
Қ.Асанәлі:
Көгімде күн болып
Жұлдыздай жанасың
Аман бол әрдайым
Аяулы анашым
Айнель:
Өмірдің қызығы
Өзіңсіз өтпейді
Мен үшін анама
Ешкімде жетпейді.
Айым:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Рита:Нет роднее в мире этом,
Человека для меня
Ты мне ближе всех на свете,
И живу я для тебя!
Жүргізуші: Ана деген-бастауы ұлылықтың.
Ана деген-рәмізі сұлулықтың
Ана деген-бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Олай болса Айымды қарсы алайық
Даусына сүйсініп тамсанайық.
Ерке қыздың талантына тәнті болып
Уа,халайық,жұмыла қол соғайық!
Ән: «Мен қазақтың қызымын».
Жүргізуші: Ұлдарымыздың аналарына арнаған билері бар қабыл алыңыздар
Би: «Жүрекшемен»
Жүргізуші:Ойын: «Кім жылдам»
Жүргізуші: Балалар ата –аналарын өлең шуақтарымен құттықтау кезеңіне берейік.
Тақпақтар:
Е.Жансая:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Санжар:
Жанымды жайнатқан,
Сіздерсіз гой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт,
Тілейміз біз балалар,
Назерке:
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Қыздарды да қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Томирис:
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашам деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Арина:
Айтсаң болды тіл алам
Айбат мамам,ай мамам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қайда да.
Б.Мөлдір:
Жүре берсем қасыңда,
Айбат мамам,ай мамам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам
Жандияр:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Милана:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен, кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Жүргізуші: Қыздар бүгін ұлдарымыз сеңдерді құттықтап сыйлықтарын бергілері келіп отыр. (сыйлық беру)
Хор «Анашым анажаным»
Аналарға сыйлық сыйлау
Жүргізуші:Осымен «Күншуақ»тобының аналар күніне арналған мерекесі өз мәресіне жетті, мерекелеріңіз құтты болсын сау саламатта болайық!!!
Ақмола обылысы
Зеренді ауданы
«Балауса»балабақшасы
Ертеңгілік «Ана-асыл жан»
Өткізген: Оспанова.Н.Б
2019жыл