"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Қазақтың ұлттық киімдері

13.03.2019

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

 

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері
Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: ұлттық киім түрлерімен таныстыру.олардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып,қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуге, әңгімелеп беруге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсіл: ойын. Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекіліктер: ұлттық киімдер, суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру – ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 Балалар   бәріміз қуанып, жаңа күнді қарсы алып, шеңбер жасап отыра қалайықшы. 

Қоржын корсету

Ал қоржынның қалтасында не бар екен, онын ішіндегісін көрейікші. Қане, балалар, кім айтады, мынау қандай зат?

Дұрыс, біз бүгін қазақтың ұлттық киімдерімен  , олардың атауларымен танысамыз.

Балалар мынау көйлектің түсі қандай? Кім біледі? тақияның  түсі қандай екен?

Жарайсындар балалар, енді орнымызға отырып теледидарға назар аударайық

Слайд көрсету

Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым.  Бұл шапан, кимешек, қамзол т.б деп аталады.

Балалар бұл  ұлттық киімдерді қандай мерекеде киеміз? Ою өрнектермен әшекейленген екен.

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Ойын: «Дұрыс ата»

Шарты: үстел үстінде ұл балаға және қыз балаға арналған ұлттық киімдердің суреті тұрады. Екі ойыншы шығып ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратып тақтаға іледі.

 

Шығармашылық жұмыс.

Балалармен бірге ер балалар киетін тақияға ою өрнектер жабыстырамыз.

Балалар біз білеміз қазақ халқы  ұлттық құндылықтарымен ерекшеленеді. Оның ішінде мақал мәтелдерімен, салт дәстүрлерімен, ырым тыйымдарымен, ұлттық ойындарымен және де т.б.

Осылардың ішінде киімге байланысты ырым тыйымдарды есімізге түсірейік.

ЫРЫМ ТЫЙЫМДАР:

1. Бас киімді аяқпен баспа

2. Бөтен адамға бас киім бермейді.

Осы ырымдарды ешқашан есімізден шығармайық.

 

 

 

 

 

Балалар жауабы.

 

 

Ұлттық киім, ұлдар мен  қыздардың киімі

 

 

 

 

 

Түсі сары, тақияның түсі қара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар басқа да ұлттық киімдермен танысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Аталар, әжелер, апалар

Наурыз мерекесінде киеді

 

 

Балалар сергіту жаттығуын қимылмен орындайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар дайын тақияға оюларды орналастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жаттайды.

 

Рефлексивті – түзетушілік

Балалардың  жұмыстарын талдау.

Оқу қызметіне  белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау.

Қорытындылау.

Киналған  балаға  көмек

                         беру.

Жұмыстарын  үстел  үстіне  қою,  әңгімелесу.

Күтілетін нәтиже: киімдердің  атауын,түсін, ырымдар  білуі.

Нені біледі: ұлттық киім түрлерін,ерекшелігі мен ұқсастықары туралы,казіргі киім түрлерімен салыстыра білуді.
Қандай түсініктерді игерді: қыз бала мен ұл баланың тақиясының айырмашылығын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұлттық киім түрлерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшелігі және басқа киімдерден айырмашылығын.

Просмотров: 1360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст