13.03.2019
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
МКҚК «Балауса» балабақшасы
Сақ бол ,балақай!
Тәрбиешілер: Кенесбай А.Ж
2019жыл
Тақырыбы: Сақ бол , балақай.
Мақсаты:
балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.
табиғаттағы қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту.
өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.Өткізілу түрі: аралас
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу
Қолданылған көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, 101, 102, 103,104 телефондары жазылған карточкалар, слайд, бейнебаян
Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)
Армысың, аспан арайлы,
Армысың, күннің шуағы,
Армысың, қасиетті жер – ана,
Армысың,балабақша және достарым.
Тәрбиеші:
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Апат оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген балалар жолда жүру ережелерін,үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы ,өз жеке басының қауіпсіздігін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы тәрбие сағаты біздің бүгінгі «Сақ бол , балақай!»атты қауіпсіздік ережелеріне арнадық.
Сабақ барысы:
*Қызығушылығын ояту (Балалар қауіпсіздік шаралары туралы бейнеролик көреді )
*Сұрақ-жауап кезеңі
-Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүре береміз бе?
-Жолдардан да өтеміз.
-Жолдардан қалай өтеміз?
-Бағдаршам арқылы өтеміз.
-Балалар қандай жерде ойнауға болмайды?
-Құрлыс болып жатқан, үйдің төбесінеде, тоқ көзі бар жерлерде ойнауға болмайды.
Сергіту сәті:
Кел, қанат жазайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып,ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
* «Үйренейік, білейік»
-Суреттердегі көріністерді талдайды.
-Дабыл белгілерін есте сақтайды.
-Сақ болуға үйренеді.
«Сәйкесін тап» ойыны.
101-өрт сөндіру қызметі
102-полиция қызметі
103- жедел жәрдем
112- құтқаруқызметі
*Қорытынды
|
Қоршаған ортадағы қауіпті заттар |
Бүгінгі алған мағлұматтарыңызды ұмытпай өз керектеріңе жаратыңдар, естеріңде сақтаңдар.