«Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар»
Білім беру саласы:Шығармашылық.Таным.Коммуникация.
Бөлімі:Аппликация
Тақырыбы: «Қазақтың қолөнері.Төр көрпе»
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.Балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.Балаларға қазақтың дәстүрлі қолөнері туралы толық мағлұмат беру. Балаларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, жинақылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал- жабдықтарды дайындау.
ҰОҚ түрі: аралас
ҰОҚ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
ҰОҚ көрнекілігі: слайд,дайын суреттер.
Қызмет кезендері |
Педагогтің басқару іс-қимылдары |
Балалар қызметі |
Мативациялық кезең |
Сәлеметсіңдер ме балалар!-Көңіл күйлерің қалай?-Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Шаттық шеңбері. Алақанды ашайық. Күн нұрын салайық Таза ауа салайық Жүрек жылуын салайық Жиналған жылы шуақты Достарымызға шашайық.
|
-Сәлеметсіз бе! Иә. Балалар қимыл-қозғалысты қайталайды.
|
Ұйымдастыру-ізденуші |
Бізге бүгін Дина әже қонаққа келеді. .Баланың оқу-қызметіне кірісуіне түрткі болу: - Топқа әсем әуеннің ырғағымен Дина әже кіреді. Балалар,қарандаршы бізге кім келді? -Дұрыс айтасындар Дина әже.Қазір біздер әжемен бірге «Қазақтың қолөнері әлеміне» саяхатқа барамыз. -Сәлеметсіздер ме,балақайлар! Балалар бүгін қолөнер әлемімен танысайық.Балалар, Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі — кілем тоқу, төр көрпе жасау, өрмек арқылы алаша тоқу.Мен сендерді қазір олармен таныстырамын.Сендер білесіндер ме,алаша, кілем тоқу үшін жіпті қайдан алады?Жіп қой мен түйенің жүнінен жасалады.Жіпті әртүрлі түске бояйды. Ал енді төр көрпе қалай жасалатының қарайық,экранға назар аударайық.
Слайдқа назар аудару.
-Ал енді біз қағаздан дайын «Қошқар мүйіз» ою-өрнегін құрастырамыз.Маған «Қошқар мүйіз»өрнегін қандай түстерден жасағандарынды атап беріндерші.
Сергіту жаттығу: Алма баққа барайық, Алма жинап алайық, Ен үлкенін дәмдісін, Әжемізге сыйлайық. -Балалар әжеге сыйлық жасағыларың келеді ме?Ендеше түрлі түсті қағаздар бетіне «Қошқар мүйіз,Ирек» ою-өрнектерін сала отырып әжеге төр көрпе жасап берейік!
Жасау әдісі; 1.Түрлі-түсті қағаздарды балаларға үлестіру. 2.Дайын «Қошқар мүйіз, Ирек» оюларды жапыстыру. |
Балалар әжемен амандасады.
Балалар әжені тыңдайды Сары,жасыл,қызыл,көк
Слайдқа назар аударады.
Иә ,жасап береміз.
Қыймылмен сергіту сәтін жасау.
-Иә.
Үлгіге қарап жасайды. |
Рефлексті-түзетуші |
Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:Қане, балалар шеңберге тұрайықшы. Балалар бүгін біз қазақтың қолөнерінің бірі төр көрпе жасаумен таныстық. Балалар сендерге бүгінгі тапсырмаларымыз ұнады ма? Балалар сендер тапсырманы өте жақсы орындадындар.Әже балаларға әкелген сиылықтарын таратады. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Төр көрпе туралы біледі
Игереді:.Берілген оюларды орналастыра алады.
Меңгереді:Ою-өрнек тұрлерін ажырата біледі