«Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар»
Білім беру саласы: Таным.Коммуникация.Шығармашылық.
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: «Тостаған».
Мақсаты:Ыдыстар туралы ұғымдарды бекіту, тостағанмен таныстыру, қатты қағаздан қиылған тостағанды екі бөліктен құрастырып жасауға, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету, ұлттық ыдыс туралы қарапайым түсінік беру, ыдысты ұқыпты ұстай білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ - жауаптар, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, слайд.
Көрнекілік құралдар: Тостаған ыдысы, түрлі-түсті бояу, слайд, екі бөлікке бөлінген тостаған қыйындылары.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы күш
|
Шаттық шеңбер Кел достарым ,келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер.
|
Балалар өлең шумағын бірге айтып қимыл қозғалыстар жасайды. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
«Бұл не?» дидактикалық ойыны. Бірнеше ыдыстардың суретін тақтаға іліп қойамын,олардың ішінде балаларға таныс емес тостаған бар. Тостаған суретін көрсетіп, оның не екенін балалардан сұраймын.
Балалар бүгін біз ұйымдастырылған оқу қызметінде тостаған ыдысы туралы әңгімелесеміз. Ал балалар, менің қолымдағы ыдысты тостаған деп атайды. -Балалар, тостаған ағаштан жасалады. -Тостаған ыдысын оюмен безендіреді. -Бұл ыдысқа сүт, айран, қымыз құйып ішуге ыңғайлы.
Сергіту сәті. «Мен қазақпын» музыка әуені. Жеке баламен жұмыс. Енді балалар бірнеше бөлікке бөлінген тостағанды құрастырып көрейік. Төрт түрлі тостағанды ортасынан жарып, араластырып тастаймын.
Ойын. «Қайсысы жоқ» Шарты: стол үстіне тостаған, машина,доп, қоян,шәйнек қоямызда балалардың көздерін жұмдырамын. Осы сәтте бір ойыншықты алып тастаймын.
Ғажайып сәт. Балалар бізге қонаққа Айша әже келіпті.
Жасау әдісі. -Тостаған суреттерін балаларға тарату. -Мақталы таяқшаны гуашқа батырып тостағанды әшекейлеу. (қызыл,сары,жасыл түстермен безеңдіру).
|
Балалар суреттер бойынша ыдыстардың аттарын атайды: шәйнек, кесе, тәрелке, қасық.
Балалар тостағанды айта алмауы мүмкін.
Балалар тындайды.
Балалар музыка әуенімен сергіту жаттығуын жасайды.
Балалар жұбын тауып дұрыстап орналастырады.
Балалар қызыға ойнайды.
-Сәлеметсіз бе, Айша әже.
-Иә.
Үлгіге қарап жұмыс жасайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
- Жарайсыңдар балалар, сендер тапсырмаларды жақсы орындадындар. Айша әже: - Балалар сендерге көп рахмет.Маған көмектескендерін үшін ризамын. Мынау сендерге дайындағын сыйлығым.
Ал енді менің кететін уақытым болды.Сау болындар. |
-Әже берген сыйлықты алады.
-Сау болыныз! |
Күтілетін нәтиже
Білу керек: тостағанмен танысады және оны тани біледі.
Игеру: ұсақ бөлшектерден бүтін заттың бейнесін құрастыруды, көлем, пішінді ажырата алуды игерді.
Істей білу: қағаздан жұмыс жасауды, оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды және мақталы таяқшалармен жұмыс жасауды меңгереді.