02.04.2026
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілері арасында «Мен зерттеушімін!» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру, зерттеушілік дағдыларын дамыту және шығармашылық қабілеттерін қолдау.
Байқау қорытындысы келесі номинациялар бойынша анықталды:
– «Тапқыр зерттеуші»;
– «Жас эколог»;
– «Креативті жұмыс»;
– «Жаңалық жаршысы»;
– «Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс».
Байқауға бөбекжайымыздың тәрбиеленушісі тәрбиеленушісі Нурмагамбетов Ислам "Тұқымнан қиярға дейін" тақырыбында зерттеу жұмысын ұсынып, «Жас эколог» номинациясына ие болды. Жетекшісі: Акбаева Перизат Камбаровна