Текст
20.04.2026
🏆 «Тәлімгер мен жас маман дуэті» аудандық кезеңі өтті
2026 жылғы 15 сәуір күні Зеренді ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері арасында «Тәлімгер мен жас маман дуэті» облыстық байқауының аудандық кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – тәжірибелі тәлімгерлер мен жас мамандардың кәсіби ынтымақтастығын дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру және үздік тәжірибелерді анықтау.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі🥈 ІІ орынды бөбекжайымыздың педагогтері, тәлімгері: Оспанова Нургуль Бейбитовна мен жас маман: Акбаева Перизат Камбаровна иеленді. Әріптестерімізді құттықтаймыз!