15-19 ақпан аралығында біз ескі дәстүр бойынша жалпы көңіл-күйге, балалардың шығармашылық және интеллектуалды әлеуетін дамытуға бағытталған «Таңғажайып психология әлемі» атты қызықты және әсерлі психология апталығы өткіздік. Одан әрі балалармен тыңғылықты және қызықтыра жұмыс істеу үшін, әр іс-шара балалардың бойында жағымды эмоциялар тудырып отырды.
Бірінші күн
«Түрлі түсті көңіл күй» акциясымен және ашылу салтанатымен басталып апталықтың бағдарламасымен таныстырылды.
- «Қуаныш деген не?» тақырыпта ересек балаларымен әңгімелесу өтті. Әр бала өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды.
Екінші күн
«Шығармашылық күні»
«Қысқы пейзаж» тақырыбында дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдана отырып, балалармен мастер-классы жүргізілді.
Үшінші күн «Мейірімділік күні»
«Жақсы істер» атты іс шара мектеп алды даярлық тобы балаларымен өткізілді.
Төртінші күн - «Отбасы күні»
Балалар мен ата-аналар «Отбасылық сурет» сурет байқауына қатысты. Байқау екі наминация «Балалар суреті» және «Ата – аналармен бірлескен сурет» бойынша бағаланды.
Сонымен қатар «Ата-аналарға арналған кеңес» берілді.
Бөбекжай қызметкерлерінің қатысуымен «Комплимент» ойыны жүргізілді.
Мақсаты: достық қатынасты дамыту
Бесінші күн - «Өмірге күлімсіреп»
Әр топ «Менің ұйымшыл тобым» және «Топ жүрегі» атты қабырға газетін шығарды. Сорңғы күні апталықты қорытындылай келе нәтижесінде қатысушылар яғни, балалар, ата – аналар, тәрбиешілер марапатталды.